AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлік бойынша құжаттарды рәсімдеу кезінде алты есеге аз төлейтін болады

Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы ХҚКО операторларын BI Group және G-Park құрылыс компанияларының кеңселеріне орналастырды. Енді Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкентте тұрғындарында нотариустардан басқа, халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тұрғын үй сатып алу кезінде мәмілені рәсімдеу мүмкіндігі пайда болды. Осылайша тұрғынар бұл үшін 6 есеге аз қаражат төлей алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жалған ХҚКО-ның қызметкерлері: Алаяқтықтың жаңа тәсілдері жайлы айтылды

Мемлекеттік корпорация баспасөз қызметінің ақпараты бойынша енді электрондық цифрлық қолтаңбасы немесе интернетке қолжетімділігі жоқ клиент сол жерде офлайн режимінде жылжымайтын мүлікпен мәміле жасай алады.

"Жаңашылдық адамға уақытты ғана емес ақшаны да үнемдеуге мүмкіндік береді. ХҚКО арқылы көрсетілетін бұл қызметтің құны 7 100 теңгені құрайды. Ал нотариустарда бұл 6 есе қымбат 49 589 теңге тұрады. 2022 жылдың соңына дейін бұл жобаны құрылыс салушы компаниялардың тізімін кеңейте отырып, ауқымды ету жоспарланып отыр",-деп хабарлады мемлекеттік корпорация.



Бұған дейін азаматтарға арналған үкімет "Отбасы банк" АҚ-мен бірлесіп Blockchain технологиясының көмегімен тұрғын үйді жалға беру шартын онлайн рәсімдеу жобасын іске қосқан болатын. 

Егер бұрын клиенттер құжаттар тізімін жинап, әкімдікке хабарласып, 15 жұмыс күніне дейін күтуіне тура келген болса, қазір жаңа қызметпен бүкіл процесс шамамен 2 сағатты алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр