Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар желтоқсан айында қалай демалады?

2020 жылы желтоқсан айында қазақстандықтар 20 күн жұмыс істеп, 11 күн демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Апта соңындағы демалыс күндерінен бөлек, қазақстандықтар 1 желтоқсан сейсенбі күні Тұңғыш президент күніне орай демалады.

Тәуелсіздік күнінде ел тұрғындары 16, 17, 18, 19 желтоқсан 4 күн қатарынан демалады.

Ескере кету керек, 18 желтоқсан жұмаға қараған жұмыс күні, 20 желтоқсанға ауыстырылып, қазақстандықтар 20 желтоқсан жексенбіде жұмыс істейді.

31 желтоқсан Қазақстанда ресми демалыс күні емес. Жаңа жылдық демалыс 1 қаңтар, жұма күні басталады. 

STAN.KZ
Жұма, 13 Қараша, 2020 15:26
Талқылау