Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар жазғы демалыста бара алатын танымал 6 бағыт

Әлемде вакцина алған азаматтардың қатары күн санап артуда. Мұның арқасында кейбір мемлекеттер вакцинациядан өткен туристер үшін шекараларын ашуда. Қазақстандықтар жазғы демалыста қайда саяхаттай алады? Бұл мемлекеттерде туристерге қандай талап қойылады? Және бастысы: демалып қайтуға ақшаны қайдан табуға болады? Бұл туралы біздің материалымыздан оқи аласыздар. 

Шетелге саяхат жасап, әсерлі жерлерді тамашалау үшін жаз таптырмас мезгіл екені белгілі. Былтырмен салыстырғанда көптеген мемлекеттер саяхаттаушылар үшін есіктерін айқара аша бастады. Енді солардың бірнешеуіне тоқталып өтсек. 

Түркия

Түркияға саяхаттауға аттанған туристер коронавирусқа теріс ПТР-тест нәтижелерін міндетті түрде ұсынуы тиіс. Мемлекетке кіру үшін нәтижесі 3 тәуліктен аспаған ПТР-тест жарамды. Сонымен қатар тест қорытындылары ағылшын немесе түрік тілдерінде болғаны жөн. Егер ПТР-тест анықтамасы болмаса, жолаушы рейске кіргізілмейді. Алты жасқа дейінгі балалардың тесттен өтуі қажет емес. 

Қазіргі таңда Түркияға тікелей әуе рейсімен Алматыдан және Нұр-Сұлтаннан ұшуға болады. 

Түркияда шілде айында бір апта демалу бағасы 265 мың теңгеден басталады (All Inclusive жүйесі бойынша). 

Грузия 

Грузияға вакцина паспорты бар кез келген қазақстандық жол жүре алады. Мұнда туристерді міндетті карантинге жатқызу қарастырылмаған және антидене бары туралы анықтама талап етілмейді. Ең ыңғайлысы, бүгінде Алматыдан тікелей Тбилиси мен Батумиге  рейстер аптасына үш рет қатынайды. Сондай-ақ Қазақстанның тағы үш қаласында – Нұр-Сұлтан, Ақтау мен Атыраудан Кутаисиге әуе қатынасы бар. 

Бір айта кетерлігі, шекарадан өтер кезде сапар шегушілер міндетті ПТР-тесттен өту керек. Бұған қоса, рейске жіберілмес бұрын барлық жолаушыларға медициналық тексеру жүргізіледі. 

Грузияға бір апталық тур адам басына 250 мың теңгеден басталады (ұшақ билеттері мен қонақүй ақысын қосқанда). 

Мысыр

Мысырда да келушілерден ПТР-тест анықтамасы сұралады. Мұнда алты жастан асқандардың барлығы осындай анықтама көрсетуі тиіс. Сертификатта міндетті түрде сынамалар алынған және анықтама дайын болған мерзім көрсетілуі керек. Мұнымен қоса, құжатта мөр, дәрігердің қолы, QR-код немесе штрих-код болуы міндетті, әйтпесе анықтама жарамсыз деп табылады. 

Шілде айында Мысырда адам басына 250 мың теңгеден басталатын тур таба аласыз (ұшақ билеттері мен All Inclusive жүйесі бойынша жұмыс істейтін қонақүй ақысын қосқанда).

Біріккен Араб Әмірліктері

Біріккен Араб Әмірліктеріне барарда ПТР-тесттен өтуді ұмытпаңыз. Бұл елде 12 жасқа дейінгі балалар мен мүгедектігі бар азаматтардан тест анықтамасын көрсету талап етілмейді. Құжат ағылшын не араб тілінде болуы тиіс. Бір айта кетерлігі, кейбір мемлекеттен келгендерді Дубайда қайта ПТР-тесттен өткізуі мүмкін. БАӘ-ге сапар шегуді ойласаңыз, COVID-19 анықталған жағдайда шығындарды өтейтін медициналық сақтандыру рәсімдеу артық етпейді. 

БАӘ-не бір аптаға бару үшін 153 мың теңгеңіз болса жеткілікті (ұшақ билеттері мен қонақүй ақысын қосқанда). 

Черногория

2021 жылдың 1 cәуірінен 31 қазанға дейін Қазақстандықтар үшін Черногорияға визасыз режим орнатылған. Алматыдан сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері, Нұр-Сұлтаннан дүйсенбі, сәрсенбі, сенбі күндері тұрақты рейстер ұшады. Черногорияның астанасы Подгорицаға дейін Алматыдан 6 сағат 55 минут, Нұр-Сұлтана 5 сағат 55 минут ұшасыз. Черногория Қазақстаннан келген туристерге вакцинация паспортын немесе ПТР тестін ұсынбай-ақ елге кіруге рұқсат берді. Алайда Air Astana әуе компаниясының рейсіне отыру үшін, ПТР сынағы қажет.

Черногория – кішкентай мемлекет. Елдің бір басынан екінші басына дейін көлікпен бірнеше сағаттың ішінде жүріп өтуге болады. Ұлттық парктер, керемет архитектуралық ғимараттар, ғажап табиғат сізге ұмытылмас әсер сыйлайды. 

Черногорияда бір апта демалыс өткізу құны 380 мың теңгеден басталады (ұшақ билеттері мен қонақүй ақысын қосқанда). 

Мальдив аралдары

Пандемияға қарамастан, Мальдив аралдарына келетін туристердің саны азаяр емес. Өз кезегінде Мальдив республикасы алғашқылардың бірі болып вакцина алған қонақтарды құшақ жая қарсы ала бастады. Мемлекеттің талабы бойынша турист демалыс аралдарына келмей тұрып, екі апта бұрын екпе салдыруы қажет. Вакцина алғандарға ПТР-тесттің нәтижесін көрсетудің де қажеті жоқ. Мальдив аралдарында мұндай ережелер 20 сәуірден бастап қабылданған болатын. 

Мальдив аралдарында бір апталық демалыс өткізгіңіз келсе, адам басына 389 мыңнан басталатын турларды сатып ала аласыз (ұшақ билеттері мен қонақүй ақысын қосқанда). 

Бұл елдерден бөлек, қазақстандықтар Ресейге, Өзбекстанға, Беларусь пен Қырғызстанға, Украинаға және Оңтүстік Кореяға сапар шеге алады. Бұдан өзге, тағы Еуропаның екі еліне – Исландия мен Румынияға ПТР-тест тапсырып кіруге болады. 

Айта кетсек, жоғарыда айтылған кейбір мемлекеттерде басқа да карантиндік шектеулер болуы мүмкін. Мәселен, Грузияда комменданттық сағат жарияланған. 

Егер сіздің жазғы демалысыңызды қалаған жерде өткізуге қаражатыңыз жетпесе, ВТБ Банк (Қазақстан) саяхат үшін қолма-қол тұтынушылық несие ұсынады. Банктің шарты бойынша бес жылға дейін мерзімде 5 000 000  теңгеге дейін несие рәсімдеуге болады. Банкте несие 22 жастан асқан азаматқа тағайындалады. Бұған қоса, қарыз алу үшін комиссия алынбайды және кепілдік талап етілмейді. 

Ең ыңғайлысы, клиент несие төлейтін күнді өзінің жұмыс кестесіне ыңғайлы етіп таңдай алады. 

Толық ақпаратты ВТБ Банк (Қазақстан) сайтынан білуге болады. 

2020 жылғы 3 ақпандағы №1.2.14/39 ҚР ҚНРДА лицензиясы.

Талқылау