AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
AAPL
132.3 $
1.41 %
TSLA
620.83 $
-0.4 %
NDAQ
178.78 $
1.7 %
GOOGL
2436.25 $
1.42 %
FB
332.29 $
0.8 %
FRHC
61.68 $
1.65 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда шомылу маусымы мезгілінен кеш басталуы ықтимал

Қазақстанда биыл туристік маусым кеш басталуы мүмкін. Туроператорлар демалушыларға қандай талап қоятынымызды әлі білмеймі деп шағымданған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Жаз бір аптадан кейін басталады, ал туристер көп келетін аймақтарға арналған санитарлық дәрігерлердің ережелері әлі жарияланбаған. Карантиндік шектеулерге байланысты туроператорлар нақты шешім болмағандықтан, жаңа маусымға жоспар құра алмай отырмыз дейді. 

Мәселен, Алакөлде демалғысы келетіндерге бірнеше кедергі бар. Қазір қаладағы әуежайдың жабық, көлік жолы жөнделмеген және ҚТЖ пойыздардың маршруттары әлі дайын емес. Сонымен қатар, демалушылардан ПТР тесті талап етіле ме, жоқ па белгісіз. 

“Маусымның басында Шығыс Қазақстанда демалу үшін ПТР тест нәтижесі қажет деген ақпарат болды. Бірақ әлі ешнәрсе нақты емес. Біз алдын-ала ақпарат алғымыз келеді. Өйткені Алакөлге сұраныс жоғары”, – дейді Қазақстан туристік ассоциациясы директоры Рашида Шакенова. 



Өткен жылмен салыстырғанда Алакөлдегі демалыс бағасы екі есеге өсті. Егер бұрын бір адамға күніне таңғы асы бар қонақ үй төрт мың теңгеден алатын болса, қазір олардың бағасы тоғыз жарым мың теңгеге дейін өскен. 

“Сұраныс бар, бірақ демалысты алдын ала жоспарлау мүмкін болмай тұр. Бұрын біз демалыс орындарының жұмыс істейтініне сенімді болатынбыз. Биыл біз өзіміздің де қалай жұмыс жасайтынымызды білмей отырмыз. Ең аз дегенде екі аптаға арналған жарлық болса, соған ыңғайлана отырып жұмыс жасар едік”, – дейді Қазақстан агро және ауылдық туризм қауымдастығы президентінің орынбасары Алмас Сетербаев. 

Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді. Елімізде қонақ үйлер мен санаторийлерде демалу үшін ПТР тестілеу нәтижесі сұралмайды. Санитарлық-эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда аймақтық санитарлық дәрігерлер талаптарды күшейтуі мүмкін. Қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін  кәсіпкерлерге Ashyq бағдарламасына қосылуға кеңес беріледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр