Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Ұлан-Батырға Алматыдан тікелей ұшып барады

Қазақстанның Моңғолиядағы елшісі Жалғас Әділбаев Ұлан-Батыр-Алматы-Ұлан-Батыр бағыты бойынша әуе қатынасының ашылуына арналған баспасөз конференциясына қатысты,  деп Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматы халықаралық әуежайының 100% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойды

Өз сөзінде елші Қазақстанның ең ірі мегаполисі мен Моңғолия астанасы арасындағы тікелей әуе қатынасының ашылуымен құттықтап, 2019 жылғы 10 қазанда Нұр-Сұлтанда премьер-министр Асқар Мамин мен Моңғолия үкіметінің басшысы Ухнаагийн Хурэлсух арасындағы келіссөздер барысында қол жеткізілген осы бағыт бойынша әуе қатынасын ашу жөніндегі уағдаластықтың толық орындалғанын атап өтті.

Аталған жаңа әуе бағыты екіжақты саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік салалардағы байланыстардың қарқынды дамуына мүмкіндік беретіні айтылды.

Бүгін "Хунну эйр" әуе компаниясының ұшағы "Ұлан-Батыр-Алматы - Ұлан-Батыр" бағыты бойынша алғашқы репатриациялық рейсті орындады. COVID-19 салдарынан туындаған әлемдегі эпидемиологиялық жағдай жақсарғаннан кейін ұшудың нақты жиілігі белгіленеді.

Талқылау