Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар утиль алымына кеткен ақшасын қайтара ала ма – "Жасыл даму" төрағасы жауап берді

"Жасыл даму" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Сәрсенбаев қазақстандықтар утильдік алымға кеткен ақшасын қайтара ала ма деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pixabay-дан

Төраға үкімет брифингінде азаматтар Қазақстаннан кетсе, утиль алымы үшін төлеген ақшасын қайтаруына болатынын мәлімдеді.

"Бұл экологиялық кодексте қарастырылған. Ол қайтару ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Бірақ төленген сәттен бастап бір жыл өтуі керек. Өйткені қайтаруды шектейтін норма бар. Егер біз салық органдарына бұл туралы есеп беріп қойсақ, онда қайтару мүмкін емес", – деді ол журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып.

Сәрсенбаевтың мәліметінше, Қазақстанда 100 мыңға жуық көлік утилизацияланған.



"Бірнеше жыл ішінде Қарағандыда тұрған зауыттың қуаты артты. Ол 30 мың машинадан басталды. Содан кейін 50 мың болды. "ӨКМ Операторының" функциялары "Жасыл даму"-ға берілген сәттен бастап бұл жұмыс жүзеге асырылмады. Себебі біз белгілі бір уақыт ішінде "ӨКМ операторының" қызметін сәйкестендірдік. Бұрын жеке болған компания қазір мемлекет меншігіне өтті. Содан бері біз мемлекеттік сатып алу туралы, акционерлік қоғамдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдарды басшылыққа аламыз", – деп түсіндірді ол.

Талқылау