Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен BI Group ұйымының жаңа келісімшарты: Ипотеканың алғашқы жылында салымшылар мөлшерлеме төлемейді

Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасының қатысушылары Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы займ рәсімдеп, BI Group компаниясы ұсынған тұрғын үй кешендерінен пәтер таңдаған жағдайда, бірқатар жеңілдіктерге қол жеткізе алады. Атап айтсақ, бұл үй құнына 7%-дық жеңілдік немесе 5% көлеміндегі несие мөлшерлемесін алғашқы бір жыл  төлеуден босатылу. Соңғысын құрылыс ұйымының өзі өтеп беруге дайын.   Мұндай мүмкіндік Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен BI Group компаниясы арасындағы серіктестік нәтижесінде мүмкін болып отыр.  

Сурет: Герард Ставрианиди, informburo.kz

Тұрғындардың жаңа үйге қол жеткізбей жатып несие бойынша негізгі төлем мен оның пайызын өтеуге, ол аздай жалдамалы пәтерге қинала қатар қаражат төлеуі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі мен BI Group компаниясының арасындағы келісімшартқа түрткі болған. Осы арқылы қос ұйым өз клиенттерінің қаржылық ауыртпалығын азайтуға жағдай жасамақ.

"Салымшы пәтер сатып алуға 12 миллион теңге қарыз алды делік. Ол ай сайын 93200 теңге төлеуі қажет. Алайда азамат бұл көмектің арқасында үй сатып алғаннан кейінгі алғашқы 12 айда 43 200 теңге төлейді", - деді "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев.

Бүгінгі күннің өзінде Шаңырақ "5-10-20" бағдарламасы бойынша, 2,5 мың отбасы баспаналы болған, тағы 4,5 мың адамның өтініші банктен мақұлдау алған. Жыл соңына дейін әкімдіктер кезегінде тұрған 8 мыңға жуық қазақстандық жеке шаршы метрлеріне қол жеткізеді. 

Бұған қоса, ол биыл 8 мыңға жуық қазақстандыққа тұрғын үй несиесін беру жоспарланғанын алға тартты. 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Орталық филиалының директоры Жансұлтан Матаев. Сурет: Герард Ставрианиди, informburo.kz

Сонымен, "Шаңырақ" бағдарламасы аясында Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен несие алып, BI Group компаниясының жаңа үйлеріне қалай қол жеткізуге болады? 

  • Соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы керек (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл сома – 32 668 теңгеге тең); 
  • Еңбек және кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің болуы міндетті; 
  • Пәтер құнының 10%-ын бастапқы жарна енгізу қажет.

Айта кетейік, Шаңырақ "5-10-20" бағдарламасы шарттарына сәйкес, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5%-ға тең, несиенің ең жоғарғы көлемі - 18 миллион теңге болса, несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін жетеді. 

BI Group коммерциялық директоры Әсел Жүнісова. Сурет: Герард Ставрианиди, informburo.kz

"Қазір бізде сатылымда 200 мыңнан астам пәтер бар. Кезекте тұрған әрбір қазақстандық осы пәтерлердің кез келгенін таңдау құқығына ие. Ал ауданы 75 шаршы метрді құрайтын үйлердің құны 19 миллионнан басталады. Бір шаршы метр бағасы 240 мың теңге мен 350 мың арасында. Қазірдің өзінде сіз Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан жаңа келісімшарттың негізінде үйлі бола аласыз", - деді BI Group компаниясының коммерциялық директоры Әсел Жүнісова.

Шаңырақ "5-10-20" бағдарламасы аясында BI Group компаниясына тиесілі мына тұрғын үй кешендерінен үй алуға болады: 

  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша: "Asyl Mura", "Бестерек", "Сердце Столицы", "Nova City на Туране", "Sezim Qala", "Nova City на Рыскулбекова",  
  • Алматы қаласында: "Gulder" және т.б.

ЖССБ

Сурет: Герард Ставрианиди, informburo.kz

Кезекте тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы өтініштерін www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады.

Жылжымайтын мүлік түрлерін bi.group сайтынан табуға болады. 

Толығырақ ақпарат алу үшін BI Group сату бөліміне немесе 300, 360 телефон нөмірлеріне қоңырау шалыңыз (ұялы телефоннан хабарласу тегін). 

Талқылау