Қазақстандықтар той өткізуді жалғастыруда - Денсаулық сақтау министрлігі
Еліміздің бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова карантин кезінде қазақстандықтардың ұйымдастыратын мерекелік іс-шаралары туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, 5 шілдеден бастап 495 тұлғаға 20 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұл салынды.
Ең көп бұзушылықтар Алматы мен Түркістан облысында, ал сирек бұзушылықтар - басқа өңірлерде байқалды.
Есмағамбетова негізгі бұзушылықтардың ішінде жабық үй-жайларда, көлікте бетперде режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтамау екенін айтты.
"Бұқаралық іс-шаралар жалғасуда. Бұл фактілер орын алуда. Өкінішке орай, кейбір азаматтар үйлену тойларын, ұзату, тойларды, туған күндерін өткізуді жалғастырып жатыр. Бұл инфекцияның таралу қаупін тудырады. Үлкен отбасылық мерекелерге Қазақстанның басқа аймақтарынан дақонақтар мен таныстар шақырылады", - деді еліміздің бас санитар дәрігері.
Мұндай бұзушылықтар Алматы, Түркістан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Павлодар және Алматы облыстарында тіркелді. Іс-шараларды ұйымдастырушыларға айыппұл түрінде әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылды.
Сонымен қатар, ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди полиция тексерістерінің нәтижелерін жариялады.
"Қарағандыда түнгі клуб жұмыс істеді. Тексеру кезінде 200 адам болған. Барлық құқық бұзушылар жауапкершілікке тартылды. 25 адам қамауға алынды. Өкінішке қарай, азаматтардың көп жиналатын мерекелік және еске алу іс-шараларын өткізуі жалғасуда", - деді ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчиди.
Ол 48 отбасылық іс-шара, 24 еске алу іс-шарасы анықталғанын айтты.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
