Қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде несиені қалай төлейді?

Қазақстанда жеке тұлғалардың тұтынушылық қарыздары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен жағдайда өсімпұлды есептеуге тыйым салынады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

кредит

Бұл ретте қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова төтенше жағдай кезінде кепілсіз тұтынушылық несиелеудің шамадан тыс өсуіне жол бермеу мақсатында және одан әрі заңнамалық деңгейде жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық займдары бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен кезде пайыздарды есептеуге тыйым салынатынын мәлімдеді.

"Жеке тұлғалардың несиелік тарихын қалпына келтіру үшін, қарыз алушыға мерзімі өткен берешектің 50 пайызынан астамын 12 ай ішінде өтеу және кейіннен міндеттемелерді орындау жағдайында теріс несие тарихын түзету мүмкіндігі беріледі", - деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, егер мерзімін өткізіп алу Қазақстанда төтенше жағдайдың енгізілуінен туындаған болса, несиелер мен микрокредиттер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар өндірілмейді.

Азаматтық кодекске сәйкес кредит бойынша міндеттемені орындамаған қарыз алушы төтенше жағдай кезінде мүліктік жауапкершілікке тартылмайды. 

""Осыған байланысты қарыздар мен микрокредиттер бойынша төтенше жағдайды енгізу себебінен туындайтын жеке және заңды тұлғалардың қарыздары және (немесе) микрокредиттері бойынша төлемдерді кешіктірген кезде айыппұлдар және (немесе) өсімақылар ( тұрақсыздық айыбы) есептелмеуге тиіс", - деді Әбілқасымова

Бұл норма жеке және заңды тұлғаларға тек банктер ғана емес, сонымен қатар барлық микроқаржы ұйымдары (оның ішінде ломбардтар мен кредиттік серіктестіктер, сондай-ақ қарыздар беретін өзге де кредиторлар) берген қарыздарға қолданылады.

Бұған дейін қазақстандық кәсіпкерлерге берілген несиені кейінге қалдыру мүмкіндігі берілгені хабарланды.

 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың 20%-ы медицина қызметкерлері

120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды

Солтүстік Қазақстанда 34 мыңнан астам адам азық-түлік пакетін алады

Осы мақсаттарға қаржылық қажеттілік жалпы 575,4 млн теңгені құрайды

Түркістан облысында кәсіпкер коронавирусқа қарсы күреске 25 млн теңге бөлді

"Біз біргеміз" акциясы жалғасуда

42500 теңгені алу үшін жалған мәлімет бергендерді қандай жаза күтеді?

Елімізде әлеуметтік көмекке бөлінген ақшаға ауқаттылар да ауыз салған

Әнуар Нұрпейісов Қазақстанға оралды

Актер шетелде немен айналысқанын айтты

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 600-ден асты

Ауру жұқтырған тағы 20 адам тіркелді

Дәрігерлер коронавирусқа шалдыққандардың бойында байқалатын аурудың қосалқы белгілерін атады

Аурудың бұл белгілері де қауіпті болуы мүмкін

Коронавирус жұқтырғанын естіген дәрігер өзіне қол жұмсады

Қазіргі таңда оның жарының да коронавирус жұқтырғаны анықталыпты

Өскеменде оқшауланған үйдің тұрғындарына алкоголь жеткізуден бас тартылды

Өскемендегі Потанин көшесіндегі карантинге жабылған үйлердің бірінің тұрғындары полицияның қызметіне наразы

"Коронавирус өтірік әңгіме" деп мәлімдеген Нұрлан Еспанов өз сөзін түсіндіріп берді

Әнші: Досым үйіне 5 қант ұн алып қойыпты
Çàãðóçêà...