Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалатыны айтылды

2020 жылдың шілдесінде қазақстандықтар 10 күн демалады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Сегіз демалыс күнінен басқа (сенбі және жексенбі) республика тұрғындары 6 шілдеде астана күніне орай және 31 шілдеде Құрбан айт мерекесіне орай мерекелік демалыс алады.

Елорда күні - мемлекеттік мереке, 2020 жылы 6 шілде дүйсенбіге сәйкес келеді, қосымша 1 демалыс күні беріледі.

Бес күндік жұмыста істейтіндер 4, 5, 6 шілдеде демалады.

Құрбан айт үш күнге созылады, алайда Қазақстанда демалыс күні бірінші болып саналады. Биыл қазақстандықтар оны 31 шілде, жұма күні атап өтеді. Бес күндік демалыста жұмыс істейтіндер 31 шілде, 1 және 2 тамыз күндері демалады. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде 31 шілде - демалыс, 1 тамыз - жұмыс күні, 2 тамыз - тағы да демалыс.

Айта кетейік, 2020 жылы қазақстандықтар 119 күн демалады. Биыл ең ұзақ демалыс күндері (алты күндік жұмысты есептемегенде) наурыз, мамыр және желтоқсан айларында болады.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 29 Маусым, 2020 11:32
Талқылау