Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шетелдік маркетплейстен алған заттары үшін 5% салық төлейді

Фото: Pixabay.com

2023 жылғы желтоқсанда Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мемлекет басшылары Кедендік кодекс туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойды. Өзгерістер трансшекаралық электронды сауданы кешенді реттеуге бағытталған және одаққа мүше барлық елдерде ратификациялау рәсімдері аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

Енді жеке тұлғалардың шетелдік интернет платформаларда сатып алатын тауарлары жеке санатқа – "электронды коммерция тауарларына" бөлінеді.

Электронды коммерция операторы институты пайда болады. Тізілімде тіркелген және жеке тұлғалардың атынан осындай тауарларды декларациялайтын заңды тұлға болады.

Жаңа кедендік декларация: Кедендік декларацияның жаңа түрі арнайы электронды коммерция тауарлары үшін енгізіледі.

Бірыңғай баж ставкасы: Электронды коммерция тауарлары үшін тауар құнының 5% мөлшерінде бірыңғай кедендік баж ставкасы белгіленеді. Құны 200 еуро мөлшерлемесінен аспайтын тауарларға мұндай баж салығы салынбайды.

Сондай-ақ тауарларды тікелей және бонд қоймасы арқылы жеткізуге болады. Тікелей жеткізу кезінде тауарларды электронды коммерция операторы тікелей шетелдік сатушыдан сатып алушыға жеткізеді.

Бонд қоймасы бойынша компаниялар тауарларды сатып алғаннан кейін бірден жеткізу үшін сатып алушы еліне алдын ала тауарларды әкеледі және оларды қоймада сақтайды.

Өз кезегінде Еуразиялық экономикалық комиссия өз өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында Кедендік кодекс туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізумен қатар тиісті актілерді қабылдайды.

ЕАЭО Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама және комиссия актілері ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекет осы хаттаманы ратификациялау бойынша мемлекетішілік рәсімдерді орындағаннан кейін күшіне енеді.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 02 Маусым, 2025 08:46
Талқылау