AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шетелден жылжымайтын мүлікті жиі сатып алатын болған

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті шетелден жиі сатып алатын болған. Бір Түркия бойынша келісімшарт жасаудан әлемде 4-орын алады. Мұндай инвестициялардың тартымдылығы неде және қандай қауіп туындауы мүмкін? Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

видеодан скриншот

Осы жылдың басынан бастап бірден 200 адам Түркиядан жылжымайтын мүлік сатып алған. Мысалы, Алматының элиталық ауданынан алты бөлмелі үй 185 миллион теңгеге тұр. Сол сомаға Түркиядан 300 шаршы метр болатын, бассейні бар, сауна және қорғалатын аумағы бар вилла алуға болады.

Түркиядағы элиталық пәтерлердің иесі алматылық Айгүл Амиркина болды. Теңізге қарайтын бизнес-класс деңгейіндегі екі бөлмелі пәтер әйелге 67 мың еуро немесе біздің есеп бойынша 35 миллион теңге тұрады. Бұл үйді сатып алу туралы шешімді әйел Қазақстандағы сәтсіз тәжірибеден соң қабылдаған. 

“Сатып алған жылжымайтын мүліктің кілтін тек 11 жылдан кейін алдым. Ал қазір сот процестері жүріп жатыр. Пәтерімді алу үшін әлі сотқа жүгінуім керек”, – дейді Айгүл Амиркина.

Мұндай мәмілелер ішкі тұрғын үй нарығына ешқандай әсер етпейді, дейді жылжымайтын мүлік федерациясы.

Биылғы жылдың екі айында ғана 50 мың қазақстандық шетелдік жылжымайтын мүлік иесі атанды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп.

“Барлығы өзін баспанамен қамтамасыз етуге тырысады. Ал қазіргі баға өсімі жалғаса беретінін түсінеміз. Нарыққа ең алдымен ұлттық валюта бағамының құбылмалылығы әсер етеді. Ауқатты адамдар шетелден үй сатып алады. Көптеген адам үшін бұл – тиімді инвестиция. Бірақ тәуекел де бар”, – дейді Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков.

”Бұл пәтерлерді бір тәулікке жалға бере алады. Ал егер құқық қорғау органына тап болсаңыз және бұл пәтер заңсыз жалға берілетін болса, рэлтор қашып кетеді, ал пәтер иесі мемлекет алдында жауап береді. Бұл жағдайда жылжымайтын мүлік иесіне елге кіруге тыйым салынуы да, қылмыстық жауапкершілікке де тап болуы мүмкін. Сондықтан сіз шетелден баспананы қандай мақсатта сатып алатыныңызды нақты білуіңіз керек”, – дейді Түркиядағы жылжымайтын мүлік агенттігінің иесі Айнұр Сүлейменова.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр