Басты жаңалықтар
Қазақстандықтар сәуір айының соңында көктемнің алғашқы жұлдызды ағынын тамашалай алады
Қазақстандықтар биыл алғашқы көктемгі жұлдыздар ағыны болатын Лирида метеорлық жауынын 23 сәуірге қараған түні тамашалай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Мәскеу планетарийінің баспасөз қызметі ағынның шыңы биыл 22-23 сәуірге қараған түні болатынын растады.
"Сағатына 18 метеор күтілуде. Сонымен қатар, аспандағы "құлаған жұлдыздардың" көптеген санын бірнеше түн 21-24 сәуір аралығында байқауға болады", – деп түсіндірді астрономдар.
Лиридтер – орташа күшті метеорлық ағын. Бұл ең көне кезеңнен бері байқалып жүрген тарихы 2,5 мың жылдан асатын құбылыс. Лиридтер c/1861 G1 тэтчер кометасынан түзілген. Біздің планетамыздың атмосферасына енетін бөлшек метеорлар жанып кетеді.
Жұлдыздардың ағынын түннің екінші жартысында, таңға жақын тамашалаған дұрыс.
Талқылау

"Баланы тұз қосылған суға шомылдыру, омырауын сығу" сынды салттар қаншалықты дұрыс – Мамандар жауап берді
Дәрігер мен этнограф жауабын берді

Қазақстандықтар не себепті филиппиндік бала күтушілерді таңдайды және олардың құны қанша
Қазақстандық отбасылар филиппиндік күтушілерге 900 доллар (465 957 теңге) және одан да көп төлеуге дайын екенін айтты