Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар Ресей азаматтығын жиі алатындар қатарына кірді

Ресейдің ішкі істер министрлігі 2020 жылы азаматтары ең көп РФ азаматтығын алған елдер тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тізімде Украина, Тәжікстан, Қазақстан және Армения бар. Сонымен бірге, ММУ экономика факультетінің халық экономикасы және демография зертханасының меңгерушісі Ольга Чудиновскихдің айтуынша, бұл елдер бұрын да көшбасшылар қатарында болған.

"Егер көші-қон ағындарын, тұрақты тұруға келгендердің саны, алдымен уақытша тұруға рұқсат, содан кейін тұруға ықтиярхат алғандардың саны қарайтын болсақ - жалпы алғанда, шамамен сол елдер көшбасшылар қатарында. Бірақ Украинаға келетін болсақ, үлкен ерекшелік бар: 2019 жылдан бастап президенттің гуманитарлық мақсаттар үшін азаматтық беру туралы жарлықтарына сәйкес азаматтық туралы заңға түзетулер енгізілді", - деді сарапшы.

Ол Қазақстан, Тәжікстан, Армения сияқты мемлекеттер бұрын да жаңа азаматтар келетін елдердің бестігінде болғанын атап өтті.

"Бірақ бұл Ресейге көшіп келген, уақытша тұруға рұқсат, тұруға ықтиярхат бойынша біраз уақыт тұрған, осында жұмыс істейтін, салық төлейтін және осы негізде азаматтық алатын адамдар", - деп түйіндеді Ольга Чудиновских.

Ресей ІІМ статистикасына сәйкес, 2021 жылдың алғашқы екі айында Ресей азаматтығына 100 мыңға жуық шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдар қабылданды. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде - 107 мыңнан астам адам.

2020 жылы олардың саны 656 мың, ал 2019 жылы шамамен 498 мың адам болды.

STAN.KZ
Дүйсенбі, 05 Сәуір, 2021 10:35
Талқылау