Қазақстандықтар ПТР сынамасын тапсырғанда шырышты қабық пен миға зиян келеді деп санайды
Қазақстандықтар ПТР сынағы кезінде шырышты қабыққа және миға зиян тиюі мүмкін деп санайды. Олар енді коронавирустан ғана емес, ПТР тесті кезінде алынған мақта таяқшасынан да қорқатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Фото: Тимур Батыршин
Көпшілік бұл зондтың шырышты қабықты зақымдайтынана сенімді. Интернеттегі ақпарат адамдарды шошытып тастаған. Хабарламада мақта таяқшасының мұрын мен ми арасындағы байланысты бұзуы мүмкін екендігі айтылады. Бұл ақпаратты 50 мың адам таратқан.
55 жастағы Бауыржан Елемес ешқашан ПТР-тестілеуден өткен емес. Ол тіпті коронавирустың белгілері болса да сынама жасауға келіспейтінін айтады.
"Мақта таяқшасы туралы айтар болсам, жақында ЛОР маманға жүгіндім, ол бұл мақта таяқшаларын қолдану мүлдем зиян дейді. Тек әйелдерге ғана қасын бояуға болады. Олар маған ақша төлесе де, сынама жасатпаймын", - деді ол.
Он мыңдаған әлеуметтік желі қолданушылары Бауыржанның пікірімен келіседі, сонымен қатар коронавирусқа сынама тапсыру өте қауіпті деп санайды.
Даулы мәлімдемені шетелдік сарапшылар бірнеше күннің ішінде әшкереледі.
Мамандардың айтуынша, мақта тампоны мұрын-жұтқыншаққа жетпейді және миды қоршап тұрған қорғанысты бұзбайды. Себебі ол сүйек қабаттарымен қорғалған. Қазақстандық дәрігерлер мұнымен келіседі.
Медбике Людмила Колесникова күн сайын сынама жүргізеді. Ол шырышты қабыққа қатысты шағымдар ешқашан болған емес дейді.
"Бұл анатомиялық тұрғыдан мүмкін емес: мұрын-жұтқыншақ миға қарағанда төмен орналасқан. Біз мұрын-жұтқыншаққа түсеміз. Зонд жоғары көтерілмейді. Зонд анатомиялық түрде төмен түседі", - деді аға медбике Людмила Колесникова.
Шетелдік мамандар мұрын мен ми арасындағы тосқауылды бұзу мүмкін емес дейді. Бірақ қауіпсіздік ережелерін сақтау керек екенін ескертеді.