Қазақстандықтар полярлық шұғыланы фотоға түсірді
Жерді шарпыған магнит дауылынан Қазақстанның солтүстігіндегі тұрғындар түнде полярлық шұғыланы бақылай алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Арман Әбдірахмановтың жеке архиві
Ақмола облысының тұрғыны Арман Әбдірахманов табиғат құбылысын суретке түсіріп үлгерген. Айтуынша, Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Елікті ауылында поляр шамдары осылай көрінді.
Магнит дауылы 25 наурыз күні кешке басталып, келесі күні таңертең аяқталды.
Бұған дейін IKI және ISTP күн астрономиясы зертханалары наурыз айының соңында Жерде магнит дауылдары тізбегі болғанын хабарлады. Бірнеше күннен бері бүкіл әлемдегі ауа райына сезімтал адамдар геомагниттік белсенділіктің артуына байланысты жайсыздықты сезініп жатыр.
Кейінгі күндері жер бетінде ұйып тұрған дауылға өткен жұмада күннің жарылуы себеп болды. Мамандардың есебі бойынша, Күн заты Жерге 56 сағатта жетті. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл шығарынды биылғы ең үлкенінің бірі болды.