Қазақстандықтар пара беру "ыңғайлы" екенін айтты
Transparency Kazakhstan ҚҚ атқарушы директоры Ольга Шиян қазақстандықтар неге пара беруді жөн көретінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандықтар арасында 9 мың адам жемқорлық мәселесін анықтау сауалнамасына қатысқан.
"Сондай-ақ "Ашық диалог" порталындағы 1,5 мың шағымды зерттедік. Материалдарды 200-ге жуық сарапшы, яғни 173 әлеуметтанушы және 12-ге жуық сарапшы қарастырды. Аурухана, ХҚКО, мектеп тұрғындар арасында ең көп тараған жемқорлық орындары болып қалып отыр. Аймақтарға бөліп қарасақ, ең көп сыбайлас жемқорлық Жамбыл облысы, Алматы облысы, БҚО, Қарағанды облысы, Қызылорда облысы, Атырау облысында көп тіркелген. Бұл аймақ тұрғындары мәселесін шешу үшін жиі "келісімге келуге" тура келгенін айтқан", - деді Ольга Шиян ОКҚ онлайн-брифингінде.
Сонымен қатар, маман пара алатындардың бірқатарын атап өтті.
"Респонденттердің айтуынша, ведомстволар мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері жемқорлыққа бастамашылық еткен. Одан әрі қарай азаматтардың өзі ұсынған. Содан кейін делдалдардың үлесі артқан. Делдалдардың үлесі жыл ішінде 6 пайызға артуы қарым-қатынас жасау үшін коммуникацияның болмауынан деп көрсеткен", - деді ол.
Зерттеуге қатысқандардың жартысынан көбі пара беру "ыңғайлы" екенін айтқан.
"Олардың жартысынан көбі "Осылай ыңғайлы, мәселені тезірек шешуге болады" деп жауап берген. 8 пайыздан аса қатысушы "Басқа амал жоқ еді" деп жауап берген. Осылайша, респонденттер мәселені тезірек шешу үшін "пара беруге дайын" екенін көрсеткен", - деді Ольга Шиян.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
