Қазақстандықтар өздерін медициналық сақтандыру қорына қатысушылар тізімінен таба алмағанына шағымдануда
Қазақстандықтар тұрақты жарналарға қарамастан, Медициналық сақтандыру қорына қатысушылар тізімінде жоқ екеніне шағымдануда. "Информбюро" бағдарламасының тілшілері Алматы тұрғыны Анна Шабалдинаның оқиғасымен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алматы тұрғыны Анна Шабалдина қолы ауырғандықтан тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінген. Ол невропатологтың қарауына жазылған. Анна жеке кәсіпкер ретінде жыл басынан бері Медициналық сақтандыру қорына қаражат аударып келген. Бірақ, емханада оның сақтандыруы жоқ екенін айтып, қызмет ақылы түрде көрсетілетінін айтқан.
"Менің барлық төлемім барды, қабылданды, қайтып жіберген жоқ. 6 айда 17 мың теңге бердім, демек, қор менің 17 мың теңгемді өзіне алды, бірақ маған қызмет көрсетілмеді. Сондықтан, дәрігерге қаралу үшін 5000 мың теңге төледім", - дейді Анна Шабалдина.
Egov-тан мәртебесін тексерген әйел 2019 жылғы деректердің ғана тіркелгенін анықтаған, одан бері жаңарту болмаған. Бұл ретте ЖК үшін төлем осы жылдан бастап міндеттелген. Анна өз оқиғасымен Facebook желісінде бөліскен. Жазба астында жазылған пікірлерден осындай жағдайға тап болған адамдар көп екенін байқауға болады.
Медициналық сақтандыру қорында адамдардың жиі қателесіп, төлемді дұрыс жүргізбейтінін мәлімдеді.
"Мұндай жағдайда олар азаматтарға арналған үкіметке жүгінулері керек. Өйткені қор тікелей бұл төлемдерді қабылдамайды. Оған белгілі бір құрылым арқылы түседі, оның ішінде азаматтарға арналған үкімет бар. Қордың тікелей ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ", - деді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ директоры Тілеухан Әбілдаев.
Қор Аннаның ақпан айына қарызы бар екенін хабарлады, қаңтар айына екі төлем есептелуі мүмкін. Оған азаматтарға арналған үкіметке арқылы қарызын өсімпұлымен бірге жабуға кеңес берді. Онда төлем дұрыс есептелмегенін көрсетіп, оны қайта беруді талап ете алады.
Қазақстандықтар өздерінің сақтандырылғанын және мәртебесін білу үшін Saqtandyru Telegram-арнасына тіркелуі қажет. Ол жерде ЖСН нөмірін теріп, сақтандыру, қарыз туралы мәлімет алуға болады. Егер көрген мәліметтермен келіспесеген жағдайда Медициналық сақтандыру қорына шағымдануға болады. Ол үшін Qoldau24\7 қосымшасын жүктеу керек. Онда бір тәулікте сіздің арызыңызды қарайды. Мәселе неде екенін білген соң, оны түзеу үшін азаматтарға арналған электронды үкімет порталына кіру керек. Egov-тағы жеке кабинет арқылы қарызды төлеп немесе ақшаны кері қайтаруға арыз жазуға болады. Арызды қарағаннан кейін салықты есептей отырып, ақша қайтарылады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
