AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар небәрі 2500 теңгеге қалай баспаналы бола алады?

Қазақстандықтардың көпшілігінің бас қатыратын мәселесі әлі күнге дейін баспана болып отыр. Тұрғын үйді қалай алуға болады деген сұраққа сан мәрте толғанып, тіпті мемлекеттік бағдарламаларды қарастырып, жаңалықтардан қалыс қалмаймыз. Алайда әркімнің ипотекалық бағдарламамен не қолма-қол ақшаға пәтер алуға мүмкіндігі бола бермейтіні рас.

Кез келген адам пәтер сатып алып, өзінің жайлы шаңырағы болғанын қалайды. Бүгінгі жалақы деңгейін есепке алсақ, жылжымайтын мүліктің иесі атану көп адамның қалтасына салмақ түсіреді. Ал зейнетақы жинақтары арқылы үйлі болуға бүгінде жеткіліктілік шегінің өсуі мүмкіндік бермей тұр. Ортақол қазақстандық бөліп төлеу немесе ипотекалық қарызға жүгінеді. Алайда оның да өз тәуекелі бар.

Қарызға батқысы келмегендер баспанаға қаражатты өз бетінше жинауға тырысады. Ең оңай жолы қаражат жинау сияқты көрінеді. Алайда бұл процеске тым көп уақыт кетуі мүмкін. Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін жоғары табыс қажет. Алайда бұл шара ұзақ уақытты талап етеді, әрі жыл сайын ақшаның құнсыздануы деген тәуекел тағы бар. Мұндай жағдайда не істемек керек?

Әрбір қазақстандық енді пәтер ұтысында бақ сынай алады. Мұндай мүмкіндікті республиканың барлық тұрғынына "Сәтті Жұлдыз" ұлттық лотереясы ұсынып отыр. Кез келген кәмелетке толған қазақстандық пәтер ұтысына қатыса алатынын айта кету керек. 

Жаңа пәтердің иесі атану үшін TeleBingo тираждық лотереясына билет алу жеткілікті. TeleBingo – қазақстандықтар бұрыннан қатысып келе жатқан танымал лотерея. Билетерді бірнеше жолмен алуға мүмкіндік бар. Кез келген "Сәтті Жұлдыз" сауда нүктесінен немесе Қазпошта бөлімшелерінен, сондай-ақ “Сәтті Жұлдыз” лотереясының сайтында онлайн түрде сатып алу қажет.

Осыдан кейін билет нөмірі промо-сайтта немесе сауда нүктелеріндегі терминалда тіркелуі керек. Ал билетті онлайн сатып алғандар автоматты түрде пәтер ұтысының қатысушылары болады.

Ең бастысы, 2500 теңге немесе одан көбірек сомаға лотерея билетін сатып алу керек. Ойлап қарасаңыз, расында да бұл ойын-сауық пен бақ сынап көруге жұмсалатын үлкен қаражат емес. Ұтыс ойыны осы жексенбі 2022 жылдың 8 мамырында сағат 09.00-де “31 арнаның” тікелей эфирінде және YouTube арнасында өтеді.

Бір нөмірге тіркелген лотерея билеттерінің саны шектелмегенін айта кеткен жөн. Одан да көп билеттер сатып алу арқылы сіз жаңа пәтер ұту мүмкіндігін арттырасыз. 

Лотереяда жеңіске жету мүмкіндігін болжау мүмкін емес, сондықтан мұнда жеңімпазды алдын ала анықтай алмайсыз. Осы себепті де көп адам мұндай іс-шараларға сеніңкіремейді. Алайда жеңімпаз болғандар арасынан шынайы мысалдардың болуы лотереяға деген сенімді арттыра түсуде. 

Мәселен, жақында ғана болып өткен ұтыста пәтер алматылық Нұрлан есімді жігітке бұйырған еді. Ұлттық лотерея ұтысының жеңімпазы сыйлығын ақшалай алатынын айтқан. Айтуынша, ол бір күні міндетті түрде сәті түсіп, ұтысқа кенелетініне сеніп, бірнеше жыл қатарынан лотереяға қатысып жүрген. Сенімі ақталып, осылайша бас жүлде – пәтер ұтып алған. 

Лотереяға әуесқойлар сәтті билеттерді таңдаудың арнайы әдістері бар екенін айтып жатады. Әрине, қатысушылардың көбі жай ғана “бұйырып кетер” деп үміттенеді, яғни олар кездейсоқ жолы болатынына сенеді. Ал енді кейбірі сандардың сиқырына сеніп, туған күніне немесе үйлену күніне сәйкес келетін билет нөмірлерін іздейді. Енді біреулер билеттерді күннің белгілі бір уақытында немесе аптаның өздері сәтті деп есептеген күнінде сатып алады. Ең бастысы лотереядан жеңімпаз атанғандардың барлығы да ойлаған нәрсе орындалуға бейім екенін есте сақтау қажет екенін атап өтеді. 

Кез келген маңызды іс-әрекет сияқты лотерея да шыдамдылық пен сенімділікті қажет етеді. Әрине, сәттілік бірден келмеуі мүмкін, бірақ шыдамдылық танытқан жан әдетте үлкен марапатқа ие болады.  

Пәтер ұтпаған жағдайда салыңыз суға кетпесін, себебі одан бөлек "Сәтті Жұлдыз" ұсынған өзге де лотереяларда ақшалай ұтысқа қол жеткізуіңіз әбден мүмкін. 

Лотереядан жолыңыз болатынына сенімділігіңіз арта түсу үшін ұтыс ойындарының тікелей эфиріне қатысыңыз. Мұнда ұтыстың қалай жүргізілетінін көзбен көруге мүмкіндік аласыз әрі энергияңызды дұрыс бағытта жұмсайсыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр