Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қанша ақша аударады

Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылды. Халықтың 94,5%-і әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесімен қамтылатын болады, ал  5,5%-і – өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

әйел

Аталған сақтандыру жүйесіне сәйкес, жарна төленетін ең жоғарғы шек – 425 мың теңге немесе ең төменгі 10 жалақы. Бұл жалдамалы жұмысшыларға да, азаматтық-құқықтық келісім бойынша жұмыс істейтін азаматтарға да қатысты. Яғни жыл сайынғы төлем 60 мың теңгеден аспайды.

Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылдың 1 қаңтарынан төленетін жарна мен төлемнің мөлшерін бекітті:

  • жұмыс берушілер үшін – жалақы қорының 2%-і;
  • жұмысшылар үшін – еңбекақының 1%-і;
  • жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке практикамен айналысатын тұлғалар – 1,4 ЕТЖ-нің (ең төменгі жалақы) 5%-і;
  • азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшартпен жұмыс істейтіндер – табысының 1%-і;
  • өздігінен төлеушілер – 1 ЕТЖ-нің (ең төменгі жалақы) 5%-і.
  • Ал жеңілдікке ие азаматтардың 15 санатына мемлекет жарнаны қорға ең төменгі жалақының 1,4%-і мөлшерінде өзі аударады.

Жаңа жүйеде кепілдендірілген тегін медициналық көмектің келесі түрлері сақталады: 

  • алқашқы медициналық-санитарлық көмек;
  • скринингтер;
  • жүкті әйелдерді қарау;
  • балаларды үйде бақылау;
  • созылмалы ауруы бар науқастарды бақылау (25 түрлі ауру);
  • әлеуметтік маңызы бар ауруларға шалдыққандарды бақылау (туберкулез, ВИЧ-инфекция, психикалық аурулар, қатерлік ісіктер);
  • шұғыл емдеуді қажет ететін кез келген аурулар;
  • басқа адамдарға қауіп төндіретін инфекциялық ауруларды емдеу.

Ал басқа медициналық қызметтер, соның ішінде қымбат шаралар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жасалады.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 01 Қаңтар, 2020 17:46
Талқылау