Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар мерзімі өткен құжаттарын шілде айына дейін қолдана алады

Қазақстанда мерзімі өткен құжаттарды 10 шілдеге дейін айыппұлсыз ауыстыруға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Ендігі қазақстандықтарға жеке куәлігін өзімен бірге алып жүрмеуге болады

Елімізде ТЖ режимі енгізілгеннен кейін 26 наурыздан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы тоқтатылған болатын. Бұл жағдайды ешкім күтпеген еді.

Сол себепті ҚР үкіметі азаматтардың мерзімі өткен құжаттарын ТЖ кезінде пайдалануға жарамды деп таныған болатын. Атап айтсақ: 

Жеке тұлғаны растайтын құжат немесе жеке куәлік;

Жүргізуші куәлігі, сонымен қатар техникалық бақылаудан өткенін растайтын анықтама;

Азаматтардың және қызметкерлердің қару сатып алуға, өзімен алып жүруге және сақтауға берілген рұқсат қағаздары; 

Елден шығуға және елге кіруге берілген құжат (визалар), ҚР аумағында тұрғылықты және уақытша тұруға берілген рұқсат, жұмыс барысымен еліміздің аумығында қызмет атқаратын шетелдіктің рұқсат қағазы, жұмыс беруші тарапқа шетелдіктерді тартуға берілген рұқсат, пана сұрағандардың куәліктері. 

Аталған құжаттарды ТЖ кезінде мерзімі аяқталған болса, жарамдылығын жоғалтқан күннен бастап 60 күн өткенше, яғни 10 шілдеге дейін пайдалануға болады. 

Төтенше жағдай кезінде 16 жасқа толып, жеке куәлік алып үлгермеген ҚР азаматары туу туралы куәлік немесе төлқұжатты негізгі құжат ретінде пайдалана алады. 

 

 

 

Талқылау