Қазақстандықтар МӘМС жарнасын төлеуді тоқтатса да 6 ай бойы медициналық көмек ала алады
Фото: pixabay.com
Қазақстандықтар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне жарна төлеу тоқтатылған жағдайда алты ай бойы медициналық көмек ала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәжілісте екінші оқылымда қабылданған заң жобасына жаңа норма енгізілді.
Заң жобасын талқылау барысында депутаттар өз ұсыныстарын қосты. Ұсынысқа сәйкес, МӘМС жүйесіне жарналарды тұрақты төлеген азаматтарға жарна төлеу тоқтатылған күннен бастап алты ай бойы медициналық көмек ала алады.
"Бұрын екі-үш ай жарна төлемей қалсаң, жүйеден шығарып жіберетін. Жарна төленбесе медициналық көмек ала алмайтын едің. Тіпті бес жыл бойы жарна төлеп келген мұғалімдерге жазда еңбек демалысына байланысты жарна түспей қалса, жүйеден шығып кететін. Енді ондай болмайды. Егер адам бірнеше жыл бойы үзіліссіз жарна төлеген болса, оған алты айлық емделу мүмкіндігі беріледі", – деп түсіндірді депутат Асхат Аймағамбетов.
Еске салсақ, енді елімізде медициналық ұйымдар МӘМС-тегі ақшаның қайда жұмсалғанын жариялайтын болады.

Шымкенттік кәсіпкер Айгүл Орынбекті 10 миллион теңгеге алдап кетті деп айыптады: Бұл оқиға немен аяқталды?
