Қазақстандықтар қыркүйекте неше күн демалады
Қыркүйекте қазақстандықтар әдеттегі сенбі және жексенбі күндері – барлығы тоғыз күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл айда мерекелік даталар жоқ. Сәйкесінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар бұл айда 9 күн демалады. Яғни, 2, 3, 9, 10, 16, 17, 23, 24 және 30 қыркүйек күндері – демалыс.
Ал аптасына алты күн жұмыс істейтін азаматтар қыркүйекте 5 күн демалатын болады.
Айта кетсек, қыркүйекте Қазақстанда бірнеше кәсіби мереке атап өтіледі:
- Білім күні – 1 қыркүйек;
- Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні – қыркүйектің бірінші жексенбісі;
- Отбасы күні – қыркүйектің екінші жексенбісі;
- Қазақстан халқы тілдері күні – 5 қыркүйек;
- Атом саласы қызметкерлері күні – 28 қыркүйек;
- Әділет органдары қызметкерлері күні – 30 қыркүйек;
- Машина жасаушы күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі;
- Еңбек күні – қыркүйектің соңғы жексенбісі.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді