Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар қайтадан вакцинациялана ма: Алексей Цой жауап берді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды екінші рет вакцинациялау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр әлі де болса қайта вакцинациялау мәселесі шешілмегені туралы айтты. Қажетті зерттеулер жүргізіліп болғаннан кейін, керек болатын болса, екінші рет вакцинациялау жүргізілетінін жеткізді. 

“Қазіргі таңда ДДСҰ қайта вакцинациялау бойынша нақты ұсыныстар жариялаған жоқ. Өйткені әлі қайта вакцинациялау мен бірнеше вакцинаны салдыру туралы нақты зерттеулер жүргізілмеген. Сондықтан бұл сұрақ әлем бойынша зерттеліп жатыр. Өндірушілердің тарапынан қайта вакцинациялау туралы ақпарат түскен жоқ. Мұндай ақпарат пайда бола салған кезде, біз міндетті түрде жариялайтын боламыз. Қажет болған жағдайда екінші рет вакцинациялауды енгізетін боламыз”, – дейді Цой. 



Еске салсақ, бұған дейін Н.Ф.Гамалей ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург әр алты ай сайын ревакцинациялау (қайта вакцинациялау) жүргізу керектігін мәлімдеген.

Оның айтуынша, ревакцинация, адамның бойында коронавирусқа қарсы антиденелердің жоғарғы мөлшерін қалыптастыруға көмектеседі. Антиденелердің көп болуы үнді шатаммына қарсы тұруға көмектеседі. 

Талқылау