Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар “Қайрат” пен “Реал Мадрид” футбол матчына билет ала алмағанын айтып шағымданды

Фото: “Қайрат” ФК

Қазақстандықтар желіде Алматыда өтетін “Қайрат” пен “Реал Мадрид” футбол матчына билет алу қиынға соққаны туралы жазбалар жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Қайрат пен Реал матчына билет алу үшін жарты сағатым босқа кетті. Бір ай бұрын әкем, билет ала алмайсың деп айтққанда сенбеген едім. Бұл ақшаға Миланға ұшып барып, Интер мен Қайрат матчын көріп, қыдырып қайтатын едім”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі. 

 

Қайрат Реал

Желіден скрин

Тағы бір жанкүйер билеттерді сатып алуға арналған жүйелердегі ақауға шағымданды. 

“Сайт істен шықты, мен 1290-шы кезекте едім, бірақ мүмкіндігімді пайдалана алмадым. Бір жарым сағат күтіп, 2 билетке тапсырыс бердім. Бірнеше рет жеке сәйкестендіру нөмірімді енгіздім, бірақ төлем жасай алмадым. Соңында жүйе мені шығарып жіберді де, қайтадан жаңа кезекке қосылдым”, “Билетті алу үшін жарты сағат күттім. Бірақ жүйе маған орын таңдауға мүмкіндік бермеді. Ақырында шығарып жіберді”, “Кім сағат 17:00-де билет сатып ала алды? Менің ойымша бұл "ғасыр алаяқтығы". Мұндай тарихи матчта шынайы жанкүйерлер билет ала алады деп ойладым. Бастапқыда мен 25-ші кезекте болғанмын, кейін сайт істемей қалды”, – деп жазды қолданушылар.

Кейбір пайдаланушылар Freedom Ticketon сервисін сынға алып, билеттерді әділ және қолжетімді түрде тарату қажеттігін айтты.

“Freedom рахмет, сіздер арқылы Қайрат–Реал ойынының билетін сатып алу мүмкін болмады. Сағат 15:00-ден бастап кезекте тұрған едім, қазір сағат 18:55, берілейін дедім. Жауапкершілікті алып алып, орындай алмадыңыздар”, – деп жазды қолданушы.

Қайрат Реал

Желіден скрин

Ал кейбір қолданушылар билет алып, төлем жасағанымен, кейін орын қалмағаны туралы хабарлама келген. Кейбірі тіпті төлеген ақшасын қайтара алмай қалған.

“18:14-де Қайрат–Реал матчына билет сатып алуға тыстым, 18:39-де "тапсырыс орындалмады" деген хабарлама келді. Ақша әлі қайтарылған жоқ”, – деп жазды тағы бірі. 

Еске салсақ, "Қайрат" пен "Реал" матчына билеттер сатылымы бастала сала қолданбадан ақау шыққанын жазғанбыз. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 23 Қыркүйек, 2025 19:54
Талқылау