Қазақстандықтар қарашада қандай салықтар төлеп, декларация тапсырады?
Фото: depositphotos.com 
Қазақстандықтар 2025 жылғы қараша айында төлеуге және тапсыруға тиіс негізгі салықтар мен есептер уақыты жақындады. Айыппұл және өсімпұл төлемеу үші 5, 17 және 25 қарашада күндерін еске сақтаған дұрыс. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
5 қарашаға дейін:
• Жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін жеке табыс салығы
17 қарашаға дейін 2025 жылдың 3-тоқсаны бойынша есептілік:
•    101.03 — Төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша есеп (резиденттер үшін);
  •    101.04 — Төлем көзі арқылы ұсталған КТС бойынша есеп (резидент еместер үшін);
  •    200.00 — ЖТС және әлеуметтік салық бойынша декларация;
  •    300.00 — ҚҚС (қосылған құн салығы) декларациясы;
  •    570.00 — Экспортқа ренталық салық бойынша декларация
  •    590.00 — Пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
  •    710.00 — Ойын бизнесіне салық;
  •    860.00 — Су ресурстарын пайдалану төлемі;
  •    870.00 — Қоршаған ортаға теріс әсер үшін төлем;
  •    880.00 — Цифрлық майнинг үшін төлем;
  •    913.00 — Арнайы салық режимі декларациясы (бөлшек салық)
Қазан айы үшін:
• 400.00 және 421.00 — Акциз және құрылымдық бөлімшелер бойынша есеп.
20 қарашаға дейін:
•    Акциздер, соның ішінде құрылымдық бөлімшелер бойынша;
  •    ЕЭО шеңберінде импортталатын тауарларға арналған жанама салықтар;
  •    328.00 нысаны — тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініш.
25 қарашаға дейін — негізгі салықтар мен төлемдер:
•    КТС, ЖТС, әлеуметтік салық, әлеуметтік төлемдер, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
  •    КТС бойынша аванстық төлемдер;
  •    Бірыңғай еңбекақы салығы;
  •    Сыртқы жарнама үшін төлем;
  •    Экспортқа ренталық салық;
  •    Пайдалы қазбаларды өндіру салығы;
  •    Су ресурстарын пайдалану төлемі;
  •    Цифрлық майнинг салығы;
  •    Жер және мүлік салықтары (ағымдағы төлем);
  •    Ойын бизнесіне салық;
  •    Бөлшек салық;
  •    Қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін төлем;
  •    ҚҚС (Қосылған құн салығы).
Бұған дейін салық органдары азаматтардың жасырын табыстарын анықтау үшін жанама әдісті қолданатыны хабарланды.
"Бағасы Еуропадан 10 есе төмен": Қазақстанға БАӘ, Ұлыбритания, Германиядан шетелдіктер медициналық көмек алуға келеді