Қазақстанда кімдер 50 жастан зейнетке шыға алады

Қазақстанда зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген азаматтар 50 жастан бастап зейнетке шыға алады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы зейнетақы аннуитеті арқылы 35 мыңнан астам қазақстандыққа 2,7 миллиард теңгеден аса төлем жасалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы "Мемлекеттік аннуитеттік компанияның" төлемдері 35 мыңнан астам адамды қамтыды. Жалпы төленген сақтандыру төлемдерінің көлемі 2,7 миллиард теңгеден асты.
Өткен жылы соңғы жеті жылдағы міндетті әлеуметтік сақтандыру шарттарының ең көп саны тіркелді. Барлығы 3,7 мың келісімшарт жасалып, 257 мыңнан астам адам әлеуметтік қорғаумен қамтылды.
Төлемдер мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
- өндірістік жарақат алу салдарынан болған медициналық шығындарды өтеу
- өндірісте жарақат алып мүгедек болған адамдарға аннуитеттік төлемдер
- қайтыс болған қызметкерлердің отбасыларына жәрдемақы
- зиянды еңбек жағдайында жұмыс істейтіндерге ерте зейнетақы
- өндірісте зардап шеккен адамның жерлеу шығындарын өтеу
Зейнетақы аннуитеті өмір бойы төленетін зейнетақымен ерекшеленеді және ол жинақ сомасына қарамастан жүзеге асырылады. Аннуитет шартын жасау үшін зейнетақы жинақтарының белгілі бір ең төменгі мөлшері болуы қажет.
- Ерлер – 55 жастан,
- Әйелдер – 53 жастан бастап аннуитеттік төлем ала алады.
Алайда, егер азаматтың атына кемінде 5 жыл бойы міндетті кәсіби зейнетақы жарналары аударылған болса, онда ол 50 жастан бастап зейнетақы төлемдерін алу құқығына ие болады.
Қажетті зейнетақы жинақтарының ең төменгі мөлшері жалпы тәртіппен:
- ерлерге – 10,7 миллион теңге,
- әйелдерге – 14 миллион теңге
егер 5 жылдық кәсіби жарна өтілі болса:
- ерлерге – 8,7 миллион теңге,
- әйелдерге – 11,7 миллион теңге.
- Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
-
Қазақстанда зейнетақы жинақтарымен ипотеканы өтеу: Өтінім қабылдау бір айға тоқтатылады
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық қаржы сарапшысы Гүлнар Әмірғали зейнетақы калькуляторының деректеріне сүйене отырып, қазіргі жүйенің әлсіз тұстарын көрсеткен еді. Оның есебінше, айына 350 мың теңге табыс табатын, 19 жыл еңбек өтілі бар 38 жастағы әйелдің БЖЗҚ-дағы 7 миллион теңге жинағы 2050 жылы айына шамамен 73 мың теңге ғана төлемге жетуі мүмкін. Сарапшы мұндай көрсеткіштің негізгі себептері ретінде зейнетақы жарнасының төмендігін, жалақы деңгейінің аздығын және жинақтардың инфляцияға жұтылып кету қаупін атаған еді.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды