Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар іс жүзінде қолдамайтын дәстүрлі отбасылық көзқарастар мен әдет-ғұрыптар анықталды

Әлеуметтанушылар қазіргі қазақ жанұяларының отбасы өміріне байланысты дәстүрлі көзқарастары мен әдет-ғұрыптарды қаншалықты ұстанатынын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: depositphotos

Қазақстандық әлеуметтік даму институты (ҚИОР) жүргізген социологиялық зерттеулердің нәтижесі бойынша, бұрын өзгермейтін ақиқат деп саналған ережелерді сақтау қазіргі уақытта барлық отбасылар үшін маңызды емес. Еліміздің басқа аймақтарында да сондай нәтиже көрсеткен.

Сауалнамаға қатысқан респонденттердің 55,3 пайызы ғана ұлттық салт-дәстүрді сақтау отбасын берекелі етеді деп есептейді. Ал үштен бір бөлігі мұны жақсы бірақ аса маңызды емес деп таныса, 11,4%-ы дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар отбасының әл-ауқаты үшін қатты маңызды емес деп санайды.

Зерттеу деректеріне сүйенсек, қазақстандықтар ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сүйіспеншілік пен сыйластықты, балалар мен ата-аналар арасындағы түсіністікті, отбасы мүшелерінің арасында зиянды әдеттердің болмауын әлдеқайда деп санайды.

Фото: ranking.kz

Зерттеушілер қазақтілді аудиторияның ұлттық дәстүрлерге деген көзқарасына қатысты сауалнама жүргізді. 

Респонденттердің 70%-дан астамы қалыңдық сатып алу дәстүріне (72,1%) және ата-ананың қыз жасауын дайындауға жауапкершілігіне (78,6%) оң немесе дұрысырақ көзқараста екенін көрсетті.

Респонденттердің 75,9%-ы күйеуінің ата-анасына тұңғышының атын таңдау құқығын беру дәстүрін қолдайды.

Респонденттердің 77%-дан астамы ұлдардың біреуінің (әдетте кішісі) ата-анасымен бірге тұруы дұрыс деп санайды. 

Қазақстандық әлеуметтік даму институты зерттеуінің нәтижелері қоғамның жеке дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға деген көзқарасының қалай өзгергенін көрсетеді

Мысалы, сауалнамаға қатысқандардың жартысынан сәл астамы жас жұбайлардың бірінші баласын күйеуінің ата-анасына тәрбиелеуге беру дәстүріне оң көзқараста. Респонденттердің тағы 42,3%-ы мұны әртүрлі себептермен дұрыс емес деп санайды.

Отбасының материалдық жағдайына сай келмейтін сән-салтанат кештеріне де қоғамның пікірі өзгере бастаған.

Сауалнамаға атысушылардың тек 35,7%-ы несиеге мерекелік кеш өткізу міндеттемесіне оң көзқараста. Респонденттердің 60%-дан астамы егер отбасы үлкен шотты ауыртпалықпен жабатын болса, мұндай ысырапшылдыққа қарсы. Ал мұндай қарыздар Қазақстанда жетерлік. 2024 жылы Ұлттық статистика бюросының мамандары жүргізген зерттеу барысында респонденттердің 34%-ы қарызсыз үлкен той немесе рәсім өткізу мүмкін емесін айтқан. Сонымен қатар қалаларда мұндай респонденттердің үлесі ауылдарға қарағанда жоғары болған: 24,5% қарсы 38,3%.

Сондай-ақ сауалнамаға қатысушылардың 71,1%-ы қыз алып қашу әрекетін қолдамайды. Дегенмен, респонденттердің 26,2%-ы отбасын құрудың бұл әдісіне оң немесе дұрысырақ көзқараста.

Фото: ranking.kz

Бір қызығы, әртүрлі аймақтарда белгілі бір әдет-ғұрыпты немесе дәстүрді қолдайтындардың үлесі әр түрлі болуы мүмкін. Бұл мәдени және этникалық айырмашылықтарға байланысты. Мысалы, Маңғыстау облысында сауалнамаға қатысқандардың 67,5%-ы қыз алып қашу мен күштеп некеге тұруды қалыпты жағдай деп санаса, Шығыс Қазақстан облысында респонденттердің 97,1%-ы бұл құбылысқа теріс көзқараста.

ШҚО-да да отбасының мүмкіндігі болмаса да, той-думан өткізуды қолдайтындардың үлес салмағы 2,9%. Түркістан және Қызылорда облыстарында бұл өрсеткіш 50,7% және 53,3%.

Бұрынғыдай ұлының отбасымен бірге тұратын ата-аналар бар. Павлодардан басқа барлық облыстарда бұл ұлттық салтты қолдайтын респонденттердің үлесі 50%-дан асады. Бұл мәселе бойынша әсіресе елдің оңтүстігінде жоғары көрсеткіштер байқалады.

Отбасы саясаты саласындағы мамандардың сөзінше, жастардың ата-анасымен бірге тұруының негізгі факторы, әлі де болса жаңа отбасының қаржылық дербестігінің жоқтығы. Маңызды себептер тізімінде үшінші орында немерелерін тәрбиелеуге көмектесу тұр. 

Фото: ranking.kz

Кәмелетке толған балалары бар ата-аналардың және олардың отбасыларының бір үйде тұруы туралы сараптамалық қорытындылар, кеңейтілген үй шаруашылықтары мен тұрғын үймен қамтамасыз ету үлесі бойынша салыстырмалы талдау нәтижелерімен сәйкес келеді. Бұл көрсеткіштер бір-біріне тәуелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша мұндай аумақтарға оңтүстік облыстар кіреді.

Мысал ретінде Қызылорда облысын келтіруге болады. Онда кеңейтілген үй шаруашылықтарының үлесі республикалық көрсеткіштен жоғары: 31,7%. Сонымен қатар облыстағы тұрғын үймен қамтамасыз ету ең төмен: бір адамға бар болғаны 18,5 шаршы метр. Осындай жағдай Түркістан және Алматы облыстарында да байқалады.

Фото: ranking.kz

Талқылау