Қазақстандықтар енді “жасанды интеллект - терапевтке” қарала алады
Фото: ЖИ
Қазақстандықтар енді жасанды интеллектпен жұмыс істейтін "ЖИ - терапевтке" қарала алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Қазір елімізде бірқатар медициналық ұйымдарында "ЖИ - терапевт" қызметі сынақтан өтіп жатыр.
Министрлік мәліметінше, жаңа жүйе нақты уақыт режимінде дәрігер мен науқас арасындағы диалогты талдап, алдын-ала диагнозды 80% дәлдікпен қоя алатын көрінеді.
Тағы бір инновациялық өнім — денсаулықты қашықтан бақылауды қамтамасыз ететін мобилдік телемедициналық қосымша. Оның көмегімен қазақстандықтар қан қысымын, жүрек соғысын, дене температурасын, қандағы оттегінің деңгейін және глюкозаны өлшей алады.
Сондай-ақ медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін арттыру үшін смарт-бейнежетондарды енгізу жобасы ұсынылды.
Айта кетейік, соңғы уақытта Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайлары жиілеп кетті. Осы жылдың 16 шілдесінде Қарағандыда ер адам медбикеге шабуыл жасап, 20 минут бойы соққыға жыққаны туралы жазған едік. Ал 17 шілде күні Қостанай облыстық ауруханасында науқас дәрігерге шабуыл жасап, дәрігер комаға түсіп қалды.

Жапониядағы қазақ дәстүрі: Сырға салудың видеосы желідегілерді таңқалдырды
