Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтеріне тіркеле алмайды

ІІМ Үкіметтің "Ішкі мигранттарды тіркеу қағидаларын бекіту туралы" қаулысына түзетулер дайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстанда шетелдіктерді электронды түрде тіркеу енгізілмек

Уақытша тұратын жері бойынша есепке алынуы (тіркелуі) мүмкін ішкі көшіп-қонушылардың тіркеу пунктіне өзгеріс енгізілді. 

Қазақстандықтар енді бау-бақша серіктестіктері мен кооперативтеріне тіркеле алмайды.

"Тұрғылықты жері бойынша ішкі көшіп-қонушыларды уақытша есепке қою тұрғын үйлерде, пәтерлерде, саяжай құрылыстарында, жатақханаларда, қонақ үйлерде, демалыс үйлерінде, санаторийлерде, профилакторияларда, емдеу мекемелерінде, интернат-үйлерде, пансионаттарда, қарттар үйлерінде, сондай-ақ тұруға пайдаланылатын ғимараттар мен үй-жайларда жүзеге асырылады", –  делінген хабарламасында.

Сонымен қатар екі жаңа тармақ қосылды:

Қазір тіркелген тұрғылықты жері бойынша тұрмайтын адамдарға "халықты құжаттандыру және тіркеу және "мемлекеттік деректер базасы" жүйелерінде мәртебе беріледі.

Сонымен қатар ережеден ҚР-да уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды міндетті тіркеу туралы тармақ алынып тасталады.

Талқылау