Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар электрондық әмиян арқылы 42500 теңге ала алады

Қазақстандықтар электрондық әмиян арқылы 42 500 теңге ала алады. Мұндай өзгеріс біржолғы әлеуметтік көмек төлеу ережелеріне енгізілді. Қаражат тек банктер арқылы ғана емес, сонымен қатар ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, электрондық ақша жүйесінің жұмысын қамтамасыз ететін төлем ұйымдары арқылы да жасалуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оператор карантинге байланысты табысынан айырылып, 42500 теңге алатын адамның электрондық әмиян деректерінің нақтылығын қамтамасыз ету керек. Алынған мәліметтер түрлі мемлекеттік мекелердегі және электронды азаматтарға арналған үкіметтегі деректермен тексеріледі. Ақша тағайындалған соң мемлекеттік корпорация операторға электронды жүйені, алушының аты-жөнін, электрондық әмиянның жеке кодын және растауды қажет ететін телефон нөмірін жібереді. 

Айта кетейік, қатаң карантиннің 16 тамызға дейін ұзартылуына байланысты қазақстандыңтарға 21250 теңге түседі, сондай-ақ шілдедегі шектеулер үшін 42500 теңге алады. 

Талқылау