Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді жылжымайтын мүлікті екі сағаттың ішінде тіркей алады

Қазақстандықтар жылжымайтын мүлікті екі сағат ішінде тіркей алатын болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы хабарлады.

Жаңа қызмет мемлекеттік корпорацияның бастамасымен енгізілді. Әділет министрлігі жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу ережелеріне өзгерістер енгізді, енді нотариус жасаған жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу туралы мәміледен кейін клиент қосымша нәтиже ала алады. Ережеге енгізілген өзгерістер 2021 жылдың 17 қыркүйегінде күшіне енеді.

Айта кету керек, қазір нотариусқа жүгінген клиенттерге құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркегені үшін төлемді растауды алған күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей нәтижелер беріледі. Бұл көбінесе банктерге ипотекаға, несиеге, кепілге және басқа да қажеттіліктерге өтініш білдірген клиенттердің мүлкін құжаттандыру процесін кешіктіруі мүмкін.

"Қызметтерді көрсету уақытын қысқарту әкімшілік кедергілер мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға мүмкіндік береді. Біз процесті жеделдету үшін азаматтар құқық бұзушылықтарға әкелуі мүмкін әр түрлі саңылауларды іздегенін жоққа шығармаймыз. Бұл өзгерістер олардың қызметіне айтарлықтай әсер етеді", – дейді мемлекеттік корпорацияның басқарма басшысы Әділ Қожихов.

Айта кету керек, 2021 жылдың алғашқы алты айында қазақстандықтар нотариустармен 570 мыңнан астам жылжымайтын мүлікпен мәміле жасаған.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 08 Қыркүйек, 2021 13:18
Талқылау