Қазақстандықтар блогерге 600 мың теңгеге торт жасап, ақшасын ала алмаған кондитерге көмектесе бастады
Фото: threads.com/@akbergenova__nurshat
Қазақстандықтар блогерге 600 мың теңгеге торт жасап, ақшасын ала алмаған кондитерге көмектесе бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұған дейін желіде Нұршат Ақбергенова есімді кондитер Аселина Батыр есімді қазақстандық блогердің 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, тортты алған соң ақысын төлеуден бас тартқанын айтып жазба жариялаған еді.
Оқиға желіде қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары кондитерге шығынын жабуға көмектесу туралы бастама көтерген.
"Гүлге тапсырыс беріп, ақшасын төлемеген": Атырауда танымал блогер алаяқтық жасағаны үшін сотталды
Белсінді Айбар Олжаев кондитермен байланысып, 100 мың теңге жіберіпті.
Фото: threads.com/@aibarpr
Алайда кейінірек Айбар Олжаев кондитердің ақшаны қайтарып, ізгі ниеті үшін алғыс білдіргенін жазды.
Ал тортқа тапсырыс берген блогердің төлем жасап-жасамағаны әзірге белгісіз.
Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық блогердің 600 мың теңге тұратын тортқа тапсырыс беріп, ақшасын төлемей қойғаны туралы жазған едік.

"Актер Жан Байжанбаев жарнамалаған": Алматылық ана қызының киноға түсуі үшін кастинг компаниясының 1,5 млн теңге несие алдыртуға мәжбүрлегенін айтты
