Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқаннан кейін электр энергиясына көбірек төлей ме

KEGOC басқарма төрағасы Нәби Айтжанов журналистердің бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен кейін қазақстандықтар электр энергиясына көбірек төлей ме деген сұрағына жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Нәби Айтжановтың айтуынша, тұрғындар бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен кезде таңертеңгі және кешкі уақытта электр энергиясын тұтыну артатынын түсінуі керек.

"Максималды сағатты қолдануға байланысты, сіз, тиісінше, энергияны да көп жұмсайсыз. Біздің жүйе көтере алса, бір сағат көп уақыт емес. Сондықтан электр желісі үшін алаңдаушылық жоқ", – деді Нәби Айтжанов. 



Еске сала кетейік, қараша айында мәжіліс депутаты Еркін Әбіл премьер-министрге ерекше сауал жолдаған еді. Ол үкіметтен Қазақстандағы уақыт белдеуі мәселесін шешуді сұрады. Себебі шығысқазақстандықтар жаңа бірыңғай уақыт белдеуіне ауысқысы келмейтінін айтқан. Тұрғындардың наразылығына қарамастан, қаңтар айында Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі орнатылатыны белгілі болды. 2024 жылғы 1 наурызда сағат 00:00-ден бастап елдің бүкіл аумағында бірыңғай уақыт белдеуі орнатылады. Осылайша Қазақстанның бүкіл аумағына 5-уақыт белдеуі (UTC+5) қолданылады.

Талқылау