Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар банктен қарыз бен микрокредит алудан ерікті түрде бас тарта алады – Заң сенатқа жіберілді

Енді халық банктен қарыз бен микрокредит алудан ерікті түрде бас тарта алады. Мәжіліс депутаттарының бастамасымен осындай заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заң жобасын депутаттар биылғы 27 қыркүйекте бірінші оқылымда мақұлдаған болатын. Мәжілісте жобаны жақсартатын бірқатар толықтырулар енгізілді. Бұл туралы мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева баяндады.

"Дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізу тәртібі енгізілді. Бұл ретте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпараттық қауіпсіздік комитеті бақылаушы орган. Азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу құқығын беру. Тыйым салуды "электрондық үкіметтің" жеке кабинетінде белгілеуге болады. Ерікті бас тарту туралы ақпарат қарыздарды мақұлдау кезінде ескерілетін болады. Бұл үшінші тұлғалардың банктік қарыздар мен микрокредиттер алуын болдырмауға мүмкіндік береді", - деді депутат Смышляева.

Мәжілісменнің  атап өткендей,  дербес деректерді қамтитын базалардың меншік иелері мен операторларының бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға дербес деректер қауіпсіздігінің бұзылғаны туралы хабарлау міндеті енгізіледі. Азаматтар өздерінің дербес деректерімен жасалған барлық операция туралы жеке кабинеттегі хабарламалар немесе SMS арқылы білетін болады. 

"Сонымен қатар депутаттар заң жобасының жекелеген нормаларын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулерді енгізді. Заң жобасы бойынша тоқсан жеті түзету келіп түсті. Олар жұмыс тобының және комитеттің кеңейтілген отырыстарында қаралды. Қорытынды салыстырмалы кесте қабылданған қырық алты позициядан тұрады", - деді ол.

Мәжіліс аталған заңды қабылдап, оны сенатқа жіберді.

Талқылау