Қазақстандықтар бағдарламалардың бірінде тірі қойды көтеріп, жарыс өткізгендерді сынға алды

Видеодан скриншот
Қазақстандықтар телеарнадағы бағдарламалардың бірінде тірі қойды көтеріп, сынақ өткізгендерге наразылық білдірді. Желідегі жазба тез қолдау тауып, пікір білдіргендер жасанды тұлыпты пайдалануды талап етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жазба авторы тірі қойды көтеріп, мұны эфирде көрсету этикаға жат дейді.
“Тірі қойды оңды-солды көтеріп, мұны Бірінші арнада көрсету қаншалықты дұрыс? Ересек адамдардың осылай көңіл көтергеніне эмоцияға берілмей қарау мүмкін емес. Қателесуім мүмкін, бірақ Дүниежүзілік көшпенділер ойнында жасанды тұлып пайдаланды, тірі жануарды емес. Сондықтан бағдарламада мұны басқа да ауыр затпен алмастыруға болар еді”, – деп жазды автор.
Желідегі видеодан мұның “QosLike” бағдарламасында көрсетілгенін байқауға болады. Пікір қалдырған қазақстандықтар да бұған наразылықтарын білдірді.
“Ең қорқыныштысы әрі жиіркеніштісі – залда отырғандардың ешқайсысына бұл жағдай сұмдық болып көрінбегені. Осындай көзқараспен біз ешқашан жануарларға қатыгездікке қарсы заң қабылдай алмаймыз. Ал осындай адамдармен біз ешқашан моральдық құндылықтары бар, шын мәнінде дамыған елге айнала алмаймыз. Сайқымазақтар”, – деп жазды желі қолданушыларының бірі.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?