Қазақстандықтар "америкалық самокаттарды" жалға аламыз деп 197 миллион теңгеден қағылды
Фото: Pixabay.com
Ақтөбе облысында Harmony RiderTechnology инвестициялық жобасы атын жамылған қаржы пирамидасының жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тергеу мәліметтері бойынша, ұйым өзін электр самокаттарды жалға беретін америкалық компания ретінде көрсеткен. Ол қазақстандықтардан күніне 12 доллардан 690 долларға дейін табыс табуға уәде беріп, ақша тартқан.
"Жаңа инвесторларды тарту үшін криптовалютадағы бонустар да ұсынылды. Іс жүзінде төлемдер жаңа инвесторлардан түскен кірісті пайдалана отырып жүргізілді, бұл қаржы пирамидасының белгілерін анық көрсетеді", – деп хабарлады облыстық прокуратура.
Баян Алагөзованың "қорына" ақша жіберген әйел алаяқтардың құрбаны болды
Ақтауда үлескерлер үй аламын деген үмітпен алаяқтардың қолына 6,5 миллирд теңге ұстатқан
Алаяқтардың әрекетінен 100-ден астам адам зардап шекті. Олар 197 млн теңге инвестициялады. Ұйымдастырушылар кіріс ақшаны бірден крипто-әмияндарға, содан кейін жеке банк шоттарына аударды.
Тергеу барысында күдіктілердің 70 миллион теңгеден астам мүлкі тәркіленді. Қазірдің өзінде қылмыстық істің материалдары сотқа жіберілді.
Еске салсақ, Қазақстанда самокатшыларға қатысты жаңа заң енгізу ұсынылған еді.

"Жеті жыл күттім": Алматылық жас жігіт 53 жастағы әйелдің жүрегін алғаннан кейін өмірі қалай өзгергенін айтты
