Қазақстандықтар ақшаларын қайда салып, қайда жұмсап жүр
Нарықта алтын мен күмістің құны қымбаттаса да, саудасы қыз-қыз қайнап тұр. Бір айдың ішінде сауда-саттық көлемі 37 пайызға артқан. Экономистер, мұның ұзақ мерізімді тиімді инвестиция екенін айтады. Ал аз-кем ақшаңызға шағын бизнес ашсаңыз, ісіңіздің дөңгеленіп кетуі екіталай дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап.
Қазақстан қаржыгерлерінің деректері бойынша, бүгінде азаматтардың 57 пайызы ақшасын депозитте, 29 пайызы қаржысын өз әмиянын сақтаса, 11 пайызы жылжымайтын мүлікке жинайды, 3 пайызы құнды қағаздардан пайда табуды көздейді.
Экономистер аз-кем жиған-тергенімен шағын бизнесті бастаудың өзі қаржылық қысыл-таяң кезінде мұң дейді. Ал үкіметтік бағдарламынан дәмелі адамдарға қаржылық қолдау тым аз екенін айтады.
"Жалпы осы "Бизнестің жол картасы" бойынша жалпы тіркелгендер саны100 пайыз деп алсақ, қол жеткен кәсіпкерлердің саны 1 пайыздан аз", - деді экономика сарапшысы Меруерт Махмұтова.
Жыл басынан бері алтын бағасы 25 пайызға, ал күмістің құны 51 пайызға қымбаттаған. Соған қарамастан сұраныс артып, шілде айында Ұлттық банк алтын құймасын сатудан рекордтық көрсеткішке жеткен.
"Алтын саудасы нарықта артып жатыр. Шілде айында 2712 құйма сатылған. Ол 37 пайызға қсіп отыр", - деді инвестициялық компанияның бөлім басшысы Ермек Төлендинов.
Қазір екінші деңгейлі банктердегі жиналған депазиттер сома 9,83 млрд теңгеге төңірегінде. Елімізде карантин енгізілгеннен кейін мамыр айында азаматтар бір мезетте 107 млн теңгені шоттарынан шешіп алыпты.
Жеке тұлғалардың несие алуы бірнеше миллиардқа қысқарса, кәсіпкерлердің кредит алуы әдеттегіден 72 млрд теңгеге азайыпты.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
