Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар 7 қазан күні түнде ерекше толған Айды тамашалай алады

Фото: istockphoto.com

Қазақстандықтар 7-нен 8 қазанға қараған түні ерекше толған Айды тамашалай алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Толған Ай - ең әсерлі астрономиялық құбылыстардың бірі, бұл сәтте Ай Жерге әдеттегіден анағұрлым жақын орналасып, үлкен әрі жарығырақ болып көрінеді.

Мамандардың айтуынша, бұл құбылыс кезінде Ай Жерге шамамен 30 мың шақырымға дейін жақындайды. 

Әдемі көріністерден бөлек, бұл кезеңде Айдың Жерге әсері де сәл арта түседі екен. Кейбір зерттеушілер Айдың адам биоритмдеріне де ықпал етуі мүмкін екенін айтады, алайда бұл ғылыми тұрғыда әлі дәлелденбеген.

Толған Айды телескоп немесе арнайы құрылғыларсыз қарапайым көзбен-ақ тамашалауға болады.

Қазан айындағы толған Ай күзгі ғаламшарлық құбылыстар тізбегінің алғашқысы болмақ. Келесісі 5 қарашада, ал одан кейінгісі 5 желтоқсанда болады деп болжанған.

Астрономдар толған Айды қала жарығынан алыс, қараңғы жерлерден бақылауға кеңес береді. Себебі ғимараттар мен көшелердің жарығы көзге Ай бетіндегі ұсақ бөлшектерді көруге кедергі келтіреді екен. Сол себепті қала орталығынан қарағанда көрініс аса әсерлі болмауы мүмкін.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 07 Қазан, 2025 21:44
Талқылау