Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық зілтеміршілер халықаралық турнирде 4 алтын жүлде жеңіп алды

Ауыр атлетикаФото: ҰОК

Қазақстандық зілтеміршілер Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен халықаралық турнирде жоғары деңгейде өнер көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

65 келі салмақта сынға түскен Ақмолда Сайрамкез тамаша нәтиже көрсетіп, алтын медальға ие болды. Ал 77 келіде Аянат Жұмағали да турнир барысында үздік өнер көрсетіп, жарыс чемпионы атанды.

Сондай-ақ тағы бір отандасымыз Сания Орманбаева 86 келіге дейінгі салмақта топ жарса, Ақерке Байманап 86 келіден жоғары салмақта жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, 77 келі салмақта өнер көрсеткен Марта Давлетиярова алтын жүлдеге бір қадам жетпей, күміс медальді қанағат тұтты.

Осылайша Қазақстан ұлттық құрамасы аталмыш турнирде жалпы 4 алтын және 1 күміс жүлдеге қол жеткізді.

Ақерке Өмірхан
Жұма, 26 Желтоқсан, 2025 17:02