Қазақстандық журналист Жасұлан Көжеков Түркияда қайтыс болды
Өзінің 51 жасқа таяған шағында атыраулық журналист Жасұлан Көжеков дүниеден озды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ол ұйқысынан оянбай қалған. Өмірінің соңғы уақытын ол Түркиядағы Анталья қаласында сүріпті. Ал 2019 жылдың 30 қазанында ол 50 жылдық мерейтойын атап өткен.
"Біраз еңбек тәжірбиесі бар қазақстандық журналистердің барлығы Жасұланның есімін біледі. Бірегей көзқарасы мен ойы бар, ашық, ерекше тұлға еді. Дүниетанымының тереңдігі мен ақыл-ойының кеңдігінің арқасында ол бастаған тақырыбын соңына дейін бүге-шүгесін ашып тұрып көрсететін. Өзіндік "жасұландық" жазу стилімен ерекшеленетін", - деп жазыпты әріптестері.
Жасұлан Көжеков 1961 жылы дүниеге келген. Бірқатар атыраулық БАҚ-та қызмет атқарып, "Хабар" арнасының Атыраудағы тілішісі болып жұмыс істеген.
"Atyrau Today газеті мен AtyrauNews ақпараттық порталының негізін салушы. Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық ақпарат агенттіктерінде қызмет жасаған", - деп қосты журнаслистер.
Stan.kz редациясы өз кезегінде марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
