Қазақстандық жүргізушілер көлігі зақымдалғаны үшін "ҚазАвтоЖолды" сотқа берді

Қазақстандық жүргізушілер жолдардың сапасына байланысты көлігіне келген залал үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясын сотқа беріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Орталық коммуникациялар қызметі брифингінде компанияның басқарма төрағасы Дархан Иманашев мәлімдеді.
Журналистер Иманашевқа “жолдардың сапасына байланысты көлігіне залал келтірілген жүргізушілерге өтемақы төленді ме” деген сауал қойды. Иманашев, өліммен аяқталатын жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі басқа себептерден болатынын айтты.
Елімізде биыл ақылы жолдардан 100 миллиард теңге көлемінде қаржы жиналмақ
“Өлімге әкелетін жол апаттарының көпшілігі қарсы бағытта немесе бір бағытта соқтығысу жағдайлары. Мұндай оқиғаларда жол сапасы себеп ретінде көрсетілмейді”, – деді ол.
Сонымен қатар “ҚазАвтоЖол” басшысы жүргізушілер тарапынан компанияға қатысты шағымдардың бар екенін растады.
“Қазір шамамен жеті талап-арыз бар. Автокөлік иелері дөңгелектің жарылуы немесе жүріс бөлігіне зақым келуіне байланысты сотқа жүгінген”, – деді Иманашев.
Оның айтуынша, өтемақы мәселесі заң аясында қаралады.
“Егер залал расталса, сот шешімі бойынша өтемақы төлеуге дайынбыз”, – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтарға сапасыз жол үшін ақы төлемеуге рұқсат берілетіні туралы жазған едік.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты