Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жүк көліктері Еуропа шекарасынан өте алмай тұр: СІМ түсіндірді

СІМ ресми өкілі Беларусь, Латвия және Литва шекараларында кептелісте тұрған қазақстандық жүк көліктеріне қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Қазақстандық жүк тасымалдаушылар Беларусь, Литва және Латвия шекарасында елдер арасындағы саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты бірнеше күн тұрып қалғандарын айтып шағымданды. Қазіргі уақытта бекетте 700-ге жуық жүк көлігі жинақталған. Cыртқы істер министрлігі жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Біз өз елшілігімізбен, осы елдердің билік органдарымен және көлік министрлігімен бірлесе отырып, бірінші кезекте осы мәселелермен айналысып жатырмыз. Континентіміздің еуропалық бөлігінде болып жатқан жағдайды жақсы білесіздер деп ойлаймын. Кептеліс болатыны күтілген жағдай еді. Өткен жылдары, тыныш кезеңде де осындай кезектер болған. Ал мынандай кезеңде, айтпаса да түсінікті жайт. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Барлық тауар өндірушілер, кәсіпкерлер мұндайда тәуекелдерді жүк тасымалдаушының мойнына артады. Әлем өзгерді ", – деді министрлік өкілі.

Қазақстандық көлік-логистикалық компаниялар Қазақстан үкіметінен бұл мәселені шешуге көмектесуді сұрады, өйткені бұл шектеу Еуропадан, Еуропаға жүк жеткізуді қиындатады. Бұл өз кезегінде, елдегі қымбатшылыққа әкеледі дейді жүк тасымалдаушылар.

Талқылау