Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жігіттер қос бірдей рекорд орнатты

Алматыда екі бірдей рекорд қойылып, Қазақстан рекордтар кітабының өкілдері Алмат Жұманов пен Айдын Нұржұмаұлының айрықша оқиғаларын ресми тіркеді. Алмат төрт тонна тартатын үш көлікті беліне тіркеп, 280 келілік түйені мойнына салып, 13 метрге дейін сүйреп әкетті. Ал Айдын төс сүйегіне 1 тонна 685 келі көлікті тіркеп 63 метрді оп-оңай жүріп өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақтың қазіргі Қажұмұқаны атанып жүрген Алмат 280 келі тартатын түйені көтере отырып, 4 тонна 680 келі шығатын үш көлікті сүйреп рекорд орнаттты.

Алматтың айтуынша бұл әдіспен әлемде әлі ешкім рекорд қоймаған. Ол бұл рекордқа бар жоғы бір ай дайындалыпты. Тек түйені көтеру қазір жаңалық емес дейді, сондықтан жаңаша әдіске көшкен.

Айта кетейік, осыдан екі ай бұрын Алмат 108 тонна болатын вагон тартып, рекорд жасаған.

"Қазір түйе көтеріп, үш машинаны тарттым. Бұл менің екінші рекордым. Алда әлі талай рекордтар қоямын. Бұйырса", - деді рекорд орнатушы Алмат Жұманов.

Ал ауыр көлікті сүйреудің жаңа әдісімен рекорд орнатқан Айдын Нұржұмаұлы бұрын төс сүйегімен тек ауыр темір тартып қана көріпті. Үздіксіз жаттығу жасай келе, осы қиын әрі қауіпті әдіске көшіпті. Өйткені оның сөзінше төс сүйегі бар жоғы 10-15 келіні ғана көтереді екен.

"Ерекше сезімдеміз. Кітапқа кіріп бүгін қуанып жатырмыз. Еңбектің арқасы бәрі, төккен тердің арқасы", - деді рекорд орнатушы Айдын Нұржұмаұлы.

Қазақтың жігіттері алдағы уақытта тағы рекорд орнатуды көздеп отыр. Алайда әлі де қолдау аз екенін жасырмайды. Егер мүмкіндік болып жатса шет елдерге шығып та өнер көрсетуге дайын екендерін сеніммен айтады.


Түйе жайлы қызықты деректер

Жылқылар туралы 11 қызықты дерек

Талқылау