Қазақстандық жеңіл атлет Әлем кубогының жүлдесін иеленді
Эмиль Ахмеджанов спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінің қола жүлдегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Болгарияның Варна қаласында спорттық гимнастикадан Challenge cup сериясы аясындағы Әлем кубогының бірінші кезеңінің финалдық сайыстары өтіп жатыр.
Эмиль Ахмеджанов еркін жаттығуда 13.800 ұпай жинап, Әлем кубогы кезеңінің қола медалін жеңіп алды.
Мықтылар көшін 14.366 ұпаймен болгариялық гимнаст бастады. Ал екінші орынға 14.833 көрсеткішпен Мажарстан спортшысы жайғасты.
Айта кетейік, бұл оның ересектер арасындағы алғашқы жетістігі. Жарысқа 22 елден 150 спортшы қатысуда.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді