Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйел қазақша сөйлеп жүрген өзге ұлт өкілдерін жоғары көтеріп, ұлықтамауға шақырды

Желіде тіл мәселесіне қатысты өз пікірін білдірген әйелдің үндеуі пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Балқаш есімді әйел Қазақстанда орыс тілін білмеу проблема еместігін айтты.

“Бұл – қазақша түсінбейтіндердің мәселесі. Егер сіз өз еліңізде өз тіліңізде сөйлесеңіз, бірақ басқа тілді білмесеңіз, ол проблема болып саналмауы тиіс. Ең бастысы, сіз бәрін жеткізуге және түсіндіруге тырысыңыз. Басқа ұлт өкілі қиналып, қазақша үйренуге тырысуы керек”, – деді ол.

Ол Қазақстанда қазақша сөйлеп жүрген өзге ұлт өкілін жоғары көтеріп, ұлықтауды қолдамайтынын айтты. Айтуынша, орысша білетін қазақстандықтарға бұлай ешкім таңғалмайды.

“Егер мен Ресейге көшіп, орыс тілін білмесем, бұл – менің проблемам, солай емес пе? Қазақстанда да солай болуы керек", – деп қосты ол.

Әйелдің бұл пікірін дүйім жұрт қолдай кеткен.

“Өте орынды”, “Орыс тіл өткен ғасырда қалып кетті”, “Қазаққа орыс тілін білмеу ұят емес”, “Дұрыс, сананы дұрыстайық” деп жазды желідегілер. 

Талқылау