AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
AAPL
127.35 $
0.99 %
TSLA
609.89 $
-0.04 %
NDAQ
172.95 $
2.81 %
GOOGL
2430.2 $
-0.2 %
FB
331.26 $
-0.36 %
FRHC
58.8 $
3.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жекеменшік ғарыш компаниясы Илон Масктың SpaceX Falcon 9 зымыранымен жерсерік ұшыруға дайындалуда

Coindesk by Coindesk конференциясының аясында SpaceChain және Eurasian Space Ventures (ESV) компаниялары ғарыш және блокчейн технологиялары саласындағы тұрақты ынтымақтастық және бірлескен жобаларды әзірлеу туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. 

Шухрат Ибрагимов негізін қалаған Қазақстанның ESV жеке ғарыш компаниясы ғарыштық жобаларды әзірлеу және осы елдегі нақтылап пысықталған ғарыш инфрақұрылымы мен экожүйені тиімді пайдалануға ұмтылатын сабақтас ұйымдардың өзара іс-қимылы үшін халықаралық орталық функцияларын орындауды мақсат тұтады. 

Келісім бойынша екі компания екі жыл бойы ғарыштық технологиялар саласындағы ақпараттарымен және тәжірибесімен, сондай-ақ идеяларымен алмасады және бірлескен жобаларды әзірлейді.

SpaceChain өзінің ғаламдық ғарыш индустриясындағы серіктестерімен бірге Қазақстанның қолданысындағы ғарыш объектілері мен инфрақұрылымын тиімді пайдалану мақсатында ынтымақтасу мүмкіндіктерін қарастыратын болады. ESV екі компанияның атынан Қазақстан Республикасының "Ғарыш Сапары" деп те аталатын Ұлттық ғарыш агенттігімен өзара іс-қимыл жасауға жәрдемдесетін болады.

"Біз Қазақстанның халықаралық ғарыш орталығы ретінде не ұсына алатындығын көрсетіп қана қоймай, бұдан да маңыздысы - ұйымдарға ғарышты бәсекелестік артықшылық пен табысты қамтамасыз етудің инновациялық платформасы ретінде ашуға көмектесу үшін SpaceChain-мен құнды әріптестік қатынастар орнатудамыз. Екі компанияның блокчейн және ғарыш саласындағы білімі мен тәжірибесін қосып, біріктіре отырып, біз демократияланған ғарыш секторында инновацияларды ендіру және одан әрі дамыту бағытында осы тарихи қадамды SpaceChain-мен бірге жасағанымызға қуаныштымыз", - деп мәлімдеді ESV компаниясының негізін қалаушы Шухрат Ибрагимов.

Бастапқы кезеңде ESV SpaceChain-мен бірлесіп жасалған екі Biteeu және Divine бірлескен ғарыштық жобаларын басқаруды және үйлестіруді жүзеге асыратын болады. Олардың орбитадағы жұмысына жауапты жерсерік 2021 жылдың 24 маусымында Илон Масктың SpaceX Falcon9 кемесімен ұшырылады. SpaceChain компаниясының орбиталық ғарыш инфрақұрылымы аса қауіпсіз көпсигнатуралық транзакциялар мен Bitcoin желісіндегі деректердің резервтік көшірмесін жасау үшін пайдаланылатын болады. Divine - мұсылмандарға және бүкіл әлем бойынша Исламның киелі жазбаларын түсінгісі келетіндерге жерсеріктен тікелей Құран аудиожазбаларын тегін тарату үшін ғарыштық технологияларды пайдаланатын қоғамдық жоба.

"Біз ғарышты игерудің және ғарыштық технологияларды бизнестегі жаңашыл идеяларды іске асырудың платформасы ретінде пайдаланудың жаңа дәуіріне аяқ бастық. ESV компаниясымен арадағы әріптестік қаржылық- технологиялық және орталықтандырылмаған қосымшалар үшін қорғалған және тұрақты жұмыс істейтін ашық бастапқы коды бар жерсерік блокчейн желісін құру жөніндегі үздіксіз қызметімізді толықтыратын болады. Біз ғарыштық технологияларды коммерциялық мақсатта пайдалану мүмкіндіктерін іздеуді жалғастырамыз және ESV-мен ынтымақтастық бұл процесті тездетуге көмектеседі деп сенеміз", - деді SpaceChain компаниясының тең құрылтайшысы және басшысы Зи Чжэн (Zee Zheng). 

SpaceChain туралы ақпарат 

SpaceChain жаңа ғарыш экономикасы үшін орталықтандырылмаған инфрақұрылымды дамытуға септігін тигізеді. Ғарышты блокчейн-технологиялармен ұштастыра отырып, SpaceChain ғарыштық қосымшаларды әзірлеуді жеңілдетеді және ғарышты қолжетімді қылады. Компания туралы толығырақ ақпарат оның сайтында www.spacechain.com мекенжайында берілген.

Eurasian Space Ventures (ESV) туралы ақпарат

ESV миссиясы Қазақстанға коммерциялық ғарыш өнеркәсібінің жетекші компанияларын, технологиялары мен мамандарын тарту, сондай-ақ осы саладағы жаңа жобалар мен жасақтамалар үшін бірыңғай орталық ретінде қызмет ету болып табылады. Компания туралы толығырақ ақпарат оның сайтында www.eurasian.space мекенжайында берілген.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр