Қазақстандық жас теннисші Қытайда өткен турнирдің жеңімпазы атанды
Қазақстандық теннисші Әмір Омарханов жасөспірімдер арасында Қытайда өткен турнирде жеңіске жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Бейжіңде теннистен жасөспірімдер арасындағы беделді ITF J300 BEIJING 2024 CHINA OPEN турнирі аяқталды. Қазақстандық теннисші, жасөспірімдер рейтингі бойынша әлемнің 15-ракеткасы Әмір Омарханов бұл турнирдің жеңімпазы атанды. Ол финалда британиялық Оливер Бондингті (19 ITF Juniors) 6:0, 6:4 есебімен жеңді. Бұл қазақстандық спортшының ITF Juniors турнирлеріндегі жекелей сындағы алтыншы жеңісі.
Айа кетейік, бұған дейін Қарағанды теннис мектебінің тәрбиеленушісі Таиланд (J300), Корея (J300), Египет (J100), Грузия (J60) және Қарағандыда (J60) өткен додаларда жеңіс тұғырынан көрінген еді.
Талқылау

"Азық-түлік пен несиеден артылмайды": Қазақстандағы аз жалақы қандай проблемаларға әкеп соғады
Тұрғын елдегі 10 жыл оқыған дәрігерлердің жалақысы 250 000 теңгеге жетпейтініне наразы

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
Әйелдің пікірінше, қазір Қазақстанда толыққанды орта, ал тіпті, жоғары білімді қазақ тілінде алу мүмкіндігі шектеулі