Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас теннисші ITF Juniors сериясы турнирінің титулына ие болды

14 жастағы қазақстандық Словакияның Трнава қаласында 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасында ITF Juniors сериясы турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

заңғар нұрланұлы

Финалда Заңғар словакиялық теннисші Даниэль Балашекті 6:4, 3:6, 6:2 есебімен жеңді.

"Барлық матч қиын болды, бірақ мен ITF дебюттік титулын жеңіп алғанымды мақтан тұтамын. Мен үшін бұл маңызды оқиға", – деді Заңғар.

Өткен жылы қазақстандық жас теннисші Tennis Europe рейтингінің үздік ондығына кіріп, көш бастады. Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап Заңгар ересек жас санатына көшті және қазір ITF Juniors турнирлерінде өнер көрсетеді.

Талқылау