Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жас ойыншы ресейлік "ЦСКА" футбол клубына ауысуы мүмкін

 "Қайрат" футбол клубының түлегі Дәулет Орынбасарға ресейлік "ЦСКА" командасы қызығушылық танытуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: qjl.kz
Мәскеулік команда 16 жастағы шабуылшыны өз қатарына қосқысы келеді. Тіпті, қазір қазақстандық ойыншыға 70 миллион теңге төлеуге дайын. Алайда алматылық команда жас футболшыны 150 миллионнан кем қаражатқа сатқысы келмей отыр. Әзірге екі тарап ортақ келісімге келе алмауда.

“Қайраттың” түлегіне ресейлік клубтан бөлек Хорватияның "Динамо Загреб" командасы да қызығушылық танытуда. Загребтық клубтың өкілдері де Дәулетті өзінің жейдесінде көргісі келеді.

Дәулет Орынбасар – Шымкент қаласының тумасы. Ойыншы “Қайрат” академиясында тәлім алған, алайда негізгі команда сапында әлі өнер көрсетпеді. Жас шабуылшы Қазақстан U17 сапында 8 ойынға қатысып, 4 гол, 2 нәтижелі пас авторы атанды. Былтырға маусымда футболшы Қазақстан жасөспірімдер лигасында 17 ойында 28 гол соғып, 14 нәтижелі пас берген.

Талқылау